24.08.2022, 18:23 33986

Мемлекетке 60 000 гектар жайылымдық жер қайтарылды

Мемлекетке 60 000 гектар жайылымдық жер қайтарылды
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген антикоррупциялық мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі шешімімен "БН Экотехнология" ЖШС-на 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жер уақытша пайдалануға берілді. Бұл ауданның барлық жайылымдық алқаптарының 10,2%-ын құрайды.
 
Алайда бүгінгі күнге дейін "БН Экотехнология" ЖШС мал басын тіркеу жүргізілмеген, демек, жайылымдық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған.
 
Осыған байланысты, Департаменттің Жамбыл облысы әкіміне ағымдағы жылғы 28 шілдедегі жер пайдаланушыдан жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша шаралар қабылдау туралы хаты негізінде ағымдағы жылдың 19 тамызында Сарысу ауданының әкімдігі мемлекетке 60 000 га жерді қайтарды.
 
Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336,0 млн теңгені құрайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны