21.11.2022, 12:28 18011

ОСК: Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинады

ОСК: Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинады
Астана. 21 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының алдын ала деректері бойынша, Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 81,31% дауыс берді, деп хабарлады ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте.
 
ОСК мәліметінше, дауыстар келесідей бөлінді:
 
  • Қарақат Әбденге 206 206 адам дауыс берді (2,6%);

  • Нұрлан Әуесбаевқа - 176 116 адам (2,22%);

  • Жигули Дайрабаевқа - 271 641 адам (3,42%);

  • Мейрам Қажыкенге - 200 907 адам (2,53%);

  • Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 6 456 392 адам (81,31%);

  • Салтанат Тұрсынбековаға - 168 731 адам (2,12%);

  • Барлығына қарсы - 460 484 адам (5,8%) дауыс берді.
 
Қазіргі таңда Қазақстанның барлық өңірлері мен шет елдердегі барлық сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталды.
 
Нақтыланған тізімдерге сәйкес, ҚР азаматтарының жалпы саны 11 953 465 адамды құрады. 8 300 046 адам немесе 69,44% сайлау бюллетеньдерін алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
 
20 қараша, жексенбі күні Қазақстанда жаңартылған Конституцияға сәйкес кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Тұңғыш рет Мемлекет басшысы қайта сайлану құқығынсыз бір жеті жылдық мерзімге сайланды.
 
Сайлауға алты кандидат тіркелген: Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - "AMANAT" партиясы, "Қазақстан Халық партиясы", "Ақ жол" ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды; Қажыкен Мейрам Зекешұлы - "Аманат" Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы" ұсынды; Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы - "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды; Әбден Қарақат Жақсылыққызы - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды; Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы - "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды; Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы - "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 
Биыл бюллетеньдерде "бәріне қарсы" деген графасы пайда болды.
 
Республика бойынша дауыс беру рәсімі сағат 07:00-ден, 86 жекелеген учаскелерде - таңғы алтыдан басталып, Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де аяқталды.
 
Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21:00-де аяқталды.
 
53 шет мемлекетте 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған.
 
Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, сайлау қорытындыларын белгілеуге және жариялауға, Қазақстан Республикасының сайланған Президентін ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркеуге жеті күн көзделген - 2022 жылғы 27 қарашадан кешіктірмей. ҚР Президенті сайлауының қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен кешіктірмей - 2022 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей жариялау.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны