18.03.2021, 23:38 9636

Мемлекеттік басқару академиясына түсу кезінде қазақ тілі міндетті болады - МҚІА

Ведомствода мемлекеттік қызметке түсу кезінде мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар бар.
Нұр-Сұлтан. 18 наурыз. Kazakhstan Today - ОКҚ брифингінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев Мемлекеттік басқару академиясына түсу кезінде қазақ тілін білу міндетті болатынын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Біз бұл мәселе бойынша мемлекеттік қызметшілерге қоғам тарапынан көптеген сын-ескертпелер естиміз. Осыған байланысты біз көптеген іс-шаралар өткіземіз. Бұл жерде бірінші жетістік, бәлкім, біз ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсу кезінде мемлекеттік тілді білу бойынша міндетті талапты енгізгеніміз болып табылады", - деді Дархан Жазықбаев.

 
Оның айтуынша, ведомствода мемлекеттік қызметке түсу кезінде мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар бар.
 

Себебі мемлекеттік тілді білу ҚР әрбір азаматының парызы болып табылады, бұл Конституцияда жазылған", - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны