23.03.2021, 17:49 7295

АҚШ соты Стати ісіне қатысқан қаржыгерге қарсы Қазақстанның талап-арызын тоқтата тұрудан бас тартты

Вашингтон сотының қазіргі шешімі Қазақстанның пайдасына осы тізімді толықтырды.
НҰР-СҰЛТАН. 23 НАУРЫЗ - АҚШ соты Қазақстанның Нью-Йорктегі қаржыгер Дэниел Чэпменге халықаралық алаяқтыққа қатысқаны үшін берген талабын тоқтата тұрудан бас тартты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Вашингтон сотының шешімі молдавандық кәсіпкерлер Анатол және Габриэль Стати жасаған кең ауқымды алаяқтық схемадағы рөлі үшін Чэпменге қарсы Қазақстан Республикасының шағымын қарауды тоқтатуға қатысты нью-йорктік қаржыгер Д.Чэпменнің әрекетін жоққа шығарады. Алаяқтық 2013 жылғы Қазақстанға қарсы төрелік шешімді алу үшін пайдаланылды. 2021 жылғы 19 наурыздағы шешімімен АҚШ-тың Колумбия округінің аудандық соты Дэниэл Чэпменның және оның төрт компаниясының – Argentem Creek Holdings LLC, Argentem Creek Partners LP, Pathfinder Argentem Creek GP LLC және ACP I Trading LLC (бірлесіп "Чэпмен" деп аталады) Қазақстанның Чэпменге қатысты талаптарын қарауды тоқтата алатын алдын ала тыйым салу туралы өтініш беруге рұқсат алу үшін берген өтінішін қабылдаған жоқ", - деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
2020 жылдың маусым айында Қазақстан Чэпменге қарсы Нью-Йорктің Жоғарғы сотына шағымын берді. 
 

Чэпмен Британдық Виргин аралдарында орналасқан Tristan Oil Ltd шығарған облигациялар арқылы Статидің Қазақстандағы қызметіне ірі инвестор болды. Бұл облигацияларға Статидің "Толқыннефтегаз" ЖШС және "Қазполмұнай" ЖШС қазақстандық компанияларымен кепілдік берді. Қазіргі уақытта Стати өз бизнестерін заңсыз мақсаттарда, соның ішінде Чэпмен сияқты халықаралық инвесторларды алдау үшін қолданғаны белгілі. Алайда, нью-йорктік шағымда айтылғандай, Чэпмен шамамен 2012 жылы Статидің алаяқтығы туралы білді, бірақ моловандарға қарсы тиісті шаралар қолданудың орнына, ол Қазақстанды алдау үшін Статимен заңсыз келісімге келді. Осы орайда, шағымда "Чэпмен және оның компаниялары қаржы пирамидасын жүзеге асыруға қосылған жәбірленушілер сияқты әрекет етті. Жәбірленушілер Статидің қылмыстық схемасын бұзудың орнына, олар өзінің ұрланған ақшасын жаңа жәбірленушіден [Қазақстаннан] алу үшін алаяқтық схеманы қолдауға шешіп, ұрланған ақшасын қылмыскерлерден заңды түрде қайтаруға тырысқан жоқ" деп айтылған", - деп хабарлайды Әділет министрлігі.

 
2020 жылдың желтоқсанында Статидің басқа инвесторы Калифорнияның Outrider Management компаниясы Нью-Йорктегі Қазақстанның шағымына қосылды және Чэпменге алаяқтық, жәрдемдесу және құқыққа қарсы мінез-құлыққа итермелеу, сондай-ақ ағылшын құқығы бойынша заңсыз сөз байласқаны үшін талап қояды.
 
Қазіргі шешімде Вашингтон соты Чэпменге Қазақстанның Нью-Йорктегі талаптарын тоқтататын алдын-ала тыйым салу туралы өтініш беруге рұқсат бермеу туралы шешім қабылдады. 
 
Чэпмен өзінің ұсынылған өтінішін Вашингтон соты Статидің 2018 жылғы наурызда Қазақстанға қарсы төрелік шешімін растағанда және 2019 жылғы мамырда Қазақстанның "Ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы ("RICO" Заңы) бойынша берген талаптарын қабылдамағанда Қазақстанның алаяқтыққа қатысты айыптаулары бойынша шешімді бұдан бұрын қабылдады деген жалған мәлімдемеге негіздеді.
 

Чэпменнің өтінішін қабылдамай, Вашингтон соты Қазақстанның Статидің алаяқтығы туралы арызы бойынша ешқашан шешім шығармағандығын растап, бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Керісінше, сот (а) оның алдыңғы шешімдері шектеулі және Нью-Йорк конвенциясы мен RICO-ға сәйкес техникалық негіздермен шектелгені, (ә) ол Қазақстанға осы алаяқтықтың дәлелдемелерін ұсынуға тіпті рұқсат бермегені және (б) ол алаяқтық туралы Қазақстан талаптарының жеткіліктілігіне қатысты тікелей шешім шығармағанын растады", - делінген хабарламада.

 
Сот Қазақстанның Argentem тараптарына қарсы шағымында мемлекеттің құқығы бойынша да, ағылшын құқығы бойынша да талаптар бар екенін атап өтті, ал төрелік шешімді растайтын сот шешімі тек Төрелік туралы Федералды заң мен Нью-Йорк конвенциясын қолдануға негізделген. Ол алаяқтық жасады деген Қазақстанның айыптауларына қатысты болса да, ол Argentem тараптарына немесе осы тараптарға қатысты қандай да бір мемлекеттік шағымдарды – әсіресе ағылшын құқығы бойынша қандай да бір шағымдарды қарауға қатысты емес. Сонымен қатар, RICO ісі бойынша соттың шешімі Стати тараптарына шағымданған федералды талаптардың жеткіліктілігіне негізделген және ол мемлекеттік заң талаптарының жарамдылығына тікелей қатысты емес.
 

Қазақстан өзінің Нью-Йорктегі шағымында Статидің алаяқтығындағы Чэпменнің рөлін баяндап берді. Тәуелсіз үшінші тарап – Outrider – бұл шағымға қосылып, Чэпменге қарсы өз талаптарын мәлімдеді. Чэпмен осы алаяқтық айыптаулардан адал қорғануға тырысудың орнына, басқа сотқа жүгініп, одан Қазақстанның талаптарын тоқтатуға араласуын сұрап, әдеттен тыс қадам жасады. Бұл Чэпменнің Статидің алаяқтығына қатысуына байланысты мәні бойынша шешімнен қалай аулақ болуға тырысатынын көрсетеді. Вашингтондық сот Чэпменнің өтінішін қабылдамай, осылайша ол алаяқтыққа қатысты Қазақстанның айыптаулары негізінде ешқашан шешім қабылдамағанын растады", - деп түсіндірді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

 
Қазақстанның Статиге қарсы алаяқтық жасады деген айыптаулары профессор Джордж Берманн, профессор Кэтрин Роджерс, профессор Кристоф Шройер, доктор Патрик Шольдстром (қазір Швед апелляциялық сотының судьясы), Алекс Лейтон (құрметті ағылшын адвокаты), Стеф Касселла (ақшаны жылыстату жөніндегі жетекші сарапшы) және жетекші халықаралық бухгалтерлік фирма PricewaterhouseCoopers-тің тәуелсіз қорытындыларымен нығайтылуда.
 
Соңғы он екі айда Қазақстан Англия, Швеция, Бельгия, Нидерланды және Люксембургте Стати мен Чэпмен сияқты олардың сыбайластарына қарсы күресте қолайлы сот шешімдерін алды. Вашингтон сотының қазіргі шешімі Қазақстанның пайдасына осы тізімді толықтырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны