08.04.2021, 21:58 10116

Адвокаттық қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасынан даулы мәселелер алынып тасталды

"Келісім комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, аталған норма заңнан алынып тасталды. Соған сәйкес, Республикалық алқаға мүше болу, тиісінше оған жарна төлеу ерікті түрде жүргізіледі".
НҰР-СҰЛТАН. 8 СӘУІР - Парламент Сенатының отырысы барысында сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының жекелеген нормалары бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсынысын қарап, қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы құжатты қарау барысында заң консультанттары палаталарының Республикалық заң консультанттары алқасына міндетті мүше болуы туралы норма қызу талқыланған еді. Осыған орай келісім комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, аталған норма заңнан алынып тасталды. Соған сәйкес, Республикалық алқаға мүше болу, тиісінше оған жарна төлеу ерікті түрде жүргізіледі", – деді Мәулен Әшімбаев.

 
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына бірқатар ұсыныстар енгізіп, оны Мәжіліске қайта қарау үшін қайтарды.
 
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті сенаторлар ұсынған заңнамаға Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері жөніндегі толықтырулармен жұмыс істейтін Келісім комиссиясын құруды ұсынды.
 
Заң жобасында Қазақстан адвокаттары келіспейтін бірқатар нормалар болған. Олар тіпті Әділет министрінің отставкаға кетуін талап ететін өтініш жасады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны