23.04.2021, 20:54 5802

Қазақстанның Сыртқы істер министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық қарастырылды.
НҰР-СҰЛТАН. 23 СӘУІР - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сұхбаты өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінде.

 
М. Тілеуберді Президент Қ. Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті. АҚШ Мемлекеттік хатшысы, өз тарапынан: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын" мәлімдеді.
 
Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны