25.05.2021, 22:24 7185

Үкімет Түркістан облысының шекарасын өзгертті

Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін.
ТҮРКІСТАН. 25 МАМЫР - ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 17 мамырдағы №326 Қаулысымен Түркістан облысының жаңа шекаралары бекітілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін", - делінген Қаулыда.

 
Түркістан облысының әкімдігіне осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылды.
 
Бұған дейін Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы пайда болғандығы хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны