27.06.2021, 22:42 8552

Тоқаев Лукашенкомен өзара сауданың өсу мүмкіндіктерін талқылады

Мемлекет басшылары COVID-19 пандемиясының теріс салдарын еңсеру жөніндегі үйлесімді іс-қимылдарды жалғастыруға ниетті екенін нақтылады.
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАУСЫМ - Беларусь тарапының бастамасы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және оны нығайтудың перспективаларын талқылады. Тараптар өзара сауда-саттық көлемін арттыруға, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мән бере отырып,  сауда-экономикалық ықпалдастық пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударды.

Бұдан бөлек Президенттер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал,  сондай-ақ, екі ел халқын жаппай вакциналау үшін қабылданып жатқан шаралар жайында пікір алмасты. Осы ретте Мемлекет басшылары COVID-19 пандемиясының теріс салдарын еңсеру жөніндегі үйлесімді іс-қимылдарды жалғастыруға ниетті екенін нақтылады.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны