30.06.2021, 22:41 13059

ҚР Парламентінің депутаттары демалысқа кетті

Парламент жетінші шақырылымның бірінші сессиясын жауып, демалысқа кетті.
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - Парламент жетінші шақырылымның бірінші сессиясын жауып, демалысқа кетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нұрлан Нығматулин қос Палата қарауында қоғам өмірінің өзекті мәселелеріне қатысты 100-ден аса заң жобалары болғанын айтты. Бүгінде олардың 63-і қабылданып, 58-не Президент қол қойды. Сонымен қатар, сессия барысында депутаттар бастамасымен 24 заң жобалары әзірленіп, олардың 15-і қабылданды.
 
Сессия жұмысы кезінде қабылданған негізгі заңдардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға мораторийді бес жылға ұзарту туралы түзетулер; ауыл әкімдерін сайлау, саяси партиялар үшін шекті төмендету және бюллетеньдерге "Барлығына қарсы" бағанын енгізу туралы түзетулер; 2021-2023 жылдарға арналған бюджетке түзетулер; жүргізушілерге жүргізуші куәлігі мен автомобиль құжаттарын алып жүрмеуге мүмкіндік беретін түзетулер; адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек мәселелері бойынша түзетулер; әлеуметтік бизнеске жеңілдіктер белгілейтін заңдар және басқалар.
 

Парламенттің жетінші шақырылымның бірінші сессиясын ел басшылығы бастамашылық еткен әлеуметтік-экономикалық шаралар мен саяси реформаларды заңнамалық қолдау сессиясы деп толық құқықпен атауға болады. Бұл үшін Парламент қазақстандықтардың экономикалық өсуі мен әлеуметтік қолдауын қалпына келтіру, сайлау заңнамасын жақсарту, сот жүйесін және қазақстандық қоғам өмірінің басқа да салаларын жаңғырту бойынша маңызды заңдар қабылдады. Осының барлығы еліміздің Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктерін бекітіп қана қоймай, Қазақстанның кезекті кезеңде табысты дамуына жағдай жасайды", - деді Нұрлан Нығматулин.

 
Оның айтуынша, ағымдағы сессиядағы уақыт талаптарына сәйкес қабылданған жедел әрі нақты қадамдардың арқасында Парламент Елбасы мен Президент қойған міндеттерді сапалы заңдармен қамтамасыз етті.
 

Бұл заңдар, ең алдымен, әрбір азаматты әлеуметтік қорғауға, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етті. Тиімді заңдардың арқасында заңнамада елдегі саяси және экономикалық реформаларды одан әрі жалғастыруға нақты қадам жасалды. Парламенттің жетінші шақырылымының бірінші сессиясы барысында қол жеткізілген табыстар мен нәтижелер Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына зор үлес болып табылады", - деді Мәжіліс Спикері.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны