21.07.2021, 22:56 9541

Қазақстан Өзбекстанмен "Достық" мемлекетаралық арнасы бойынша су жіберуді ұлғайту туралы келісімге келді

Шардара су қоймасына келетін ағынды арттыру бойынша бірлескен шараларды жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
АЛМАТЫ. 21 ШІЛДЕ - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кездесу барысында олар Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан үшін "Достық" мемлекетаралық арнасы бойынша Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының фермерлері үшін су жіберу көлемі 80-нен 90 м3/с дейін ұлғайтылды", - деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
Сондай-ақ, Шардара су қоймасына келетін ағынды арттыру бойынша бірлескен шараларды жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. 
 
Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы Келісімнің жобасы талқыланды. Тараптар осы жылдың соңына дейін Келісім жобасын келісу рәсімдерін аяқтау ниеттері бар екенін растады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны