20.08.2021, 19:01 9080

Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігін қорғауды талибтер жүзеге асыруда

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары мәлімдеді.
КАБУЛ. 20 ТАМЫЗ - Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігін қорғауды талибтер жүзеге асыруда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мәлімдеді.
 

Кабулдағы біздің елшілігіміздің ақпараты бойынша, талибтер Кабулды басып алған кезде, олар сол жерге кірді және олардың бір бөлігі біздің елшілік орналасқан аймаққа кірді. Талибтер сол жерге жақындап келгенде, елші шығып, олармен сөйлесті. Олар: "Сіз кімсіз, қандай елшілік?", - деп сұрады, және біз бұл Қазақстанның елшілігі деп айттық. Олар: "Ештеңеден қорықпаңыз, бұрынғыдай жұмыс істей беріңіз, сіз біздің қорғауымызда боласыз", - деді. Содан бері олар біздің елшілігімізді қорғайды. Әзірге тек осындай деңгейде ғана байланыс болған", - деді Рахметуллин 20 тамызда өткен брифингте.

 
Сонымен қатар, ол Қазақстанның "Талибанмен" (ҚР-да тыйым салынған ұйым) әзірге басқа байланысы жоқ екенін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны