31.08.2021, 20:55 7257

Мұрат Бектанов Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
НҰР-СҰЛТАН. 31 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты ҚР Қорғаныс министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.
 
Бұл қызметке Мұрат Бектанов тағайындалды.
 

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Президент Жарлығында.

 
 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Нәтижесінде 15 адам қайтыс болды, тағы біреуін іздеу жалғасуда. 90-нан астам адам жарақат алды. Оқиға себептерін анықтаумен құрылған жедел-тергеу тобы айналысуда. Алдын ала болжамдар бойынша себептер әртүрлі болуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, өздігінен жану, химиялық реакция. Сондай-ақ, қасақана өртеу немесе диверсия сияқты болжамдар да қарастырылуда
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны