15.09.2021, 21:04 8432

Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы жағдайды талқылады

НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекеттер басшылары алдағы күндері Душанбеде өтетін ҰҚШҰ және ШЫҰ саммиттерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді, оның ішінде, Ауғанстандағы ахуалды талқылады, сондай-ақ, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіруге келісті", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, келіссөздер барысында екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптар, соның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы бірлескен іс-қимыл қозғалды. Байланысты жалғастыру туралы келісілген.
 

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы алдағы іс-шараларға байланысты ауған мәселесі жан-жақты талқыланды", - делінген хабарламада.

 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 16 қыркүйекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы өтеді. 2021 жылғы 17 қыркүйекте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ құрылуының 20 жылдығына арналған отырысы өтеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны