29.09.2021, 18:40 13781

Ақмола облысының оқу орындарында Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған ашық сабақтар өтті

КӨКШЕТАУ. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Өңірдің 553 мектебі мен 32 колледжінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында бірыңғай ашық сабақтар өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Білім басқармасынан атап өткендей, сабақ барысында оқушыларға егемен Қазақстанның жетістіктері, көп ғасырлық тарихы, елдің көпқырлы мәдени мұрасы, республиканың саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы сіңірген еңбектері туралы айтылды.
 
Ашық сабақтарға қонақтар ретінде еңбек ардагерлері, аудандардың, қалалардың құрметті тұрғындары, Ақмола облысы мен елдің дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлері шақырылды.
 
Облыс орталығының білім беру ұйымдарында ашық сабақтар топтамасы №5 "Таңдау" көпсалалы гимназиясынан басталды. Іс-шара барысында тарих пәнінің мұғалімі Әлия Ахметова оқушыларға еліміздің жетістіктері, мемлекеттің саяси және әлеуметтік реформалары, тарихы, Қазақстан халқының бірлігі туралы айтып берді.
 

Биыл біз маңызды оқиғаны - Отанымыз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Осы кезеңде республика көптеген бағыттар бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Бүгін біз бүкіл әлемге танымал елге айналдық", - деп бөлісті 10-сынып оқушысы Жаннатбек Мамиев.

 
Осы тақырыптағы кездесулердің тағы бірі техникалық және кәсіптік білім беретін жетекші ұйымдардың бірі - Көкшетау жоғары техникалық колледжінде өтті. Оқу орнына педагогикалық еңбек ардагері, "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісінің иегері Александр Кранин келді.
 

Биылғы жыл біздің еліміздің тарихында маңызды күн - Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен ерекшеленеді. Бүгін мені көп жылдар бойы жұмыс істеген колледжге шақырды. Мен үшін жас ұрпақпен кездесу, балаларға техникалық және кәсіптік білімнің қалыптасуы, осы саладағы жоғары жетістіктер туралы еске алу және айту үлкен құрмет", - деді Еңбек ардагері.

 
Бұл жоба облыстың білім беру ұйымдарының 140 мыңға жуық оқушылары мен студенттерін қамтыды. Сабақтарда еліміздің өткені мен бүгіні туралы белсенді пікірталас өткізілді, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сабақ соңында оқушылар Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тесттен өтті.
 
Барлық сабақтар санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны