30.09.2021, 21:36 39415

Қытай Қазақстанмен автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабады

Қытайда мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы", "Достық-авто" және "Бақты" өткізу пункттері 2021 жылғы 1-3 қазанда жабық болады.
АЛМАТЫ. 30 ҚЫРКҮЙЕК - Қытай Қазақстанмен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерін уақытша жабады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қытайда мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы", "Достық-авто" және "Бақты" өткізу пункттері 2021 жылғы 1-3 қазанда жабық болады. Бұдан басқа қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты "Бақты" өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазанда да жабық болады. Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушыларды көршілес елдегі мерекелік шаралар есебімен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны