11.10.2021, 20:31 41987

АҚДМ журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентін әзірледі

НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің құқықтарын бұзған жағдайда оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында "Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламенті" әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда Министрліктің іс-әрекеттері көрсетілген", - деп нақтылады министрлікте.

 
Журналистерді қолдау деңгейін арттыру үшін осы регламентте келесі мәселелерді көздеу орынды:
 
1) бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің ақпарат сұрау салулары мен өтініштерін қарау;
 
2) құқық қорғау органдарының журналистерді ұстауы;
 
3) журналистерді әлеуметтік қамтамасыз етуге байланысты мәселелер.
 
Құжатта бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салулары мен өтініштерін қарау келесі мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс екендігі айтылған:
 
1) бұқаралық ақпарат құралының берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуына ақпарат иеленушісі сұрау салу тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жауап беруге міндетті. Қосымша зерттеуді және тексеруді талап ететін, ұсынылған ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуды ақпарат иеленушінің басшысы 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 2 жұмыс күн ішінде хабарланады;
 
2) ресми хабарламаларға кірмейтін бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауап, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, ол келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде келіп түскен сұрау салу нысанында және тілінде ұсынылады. Сұрау салынған ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін болса және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы бір рет 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабарланады.
 
АҚДМ бұқаралық ақпарат құралдарының өтініштерін (ақпарат сұратуларын) қарау кезінде мемлекеттік органдардың (квазимемлекеттік сектор ұйымдарының) әрекеттеріне шағымдарды алған кезде:
 
- тиісті мемлекеттік органға (квазимемлекеттік сектор ұйымына) бұқаралық ақпарат құралының өтінішіне (ақпарат сұратуына) тиісті жауапты қысқа мерзімде қарау және ұсыну қажеттілігі туралы хат жолдайды;
 
- егер Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел бұзушылықтар байқалған жағдайда, мемлекеттік органға (квазимемлекеттік сектор ұйымына) жіберілетін хатта осы теріс қылықты жасаған лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту қажеттілігі туралы көрсетеді;
 
- мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бойынша уәкілетті тұлғалармен (бөлімшелермен) кеңестер өткізу кезінде мерзімдерді бұзған әрбір мемлекеттік органды көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының өтініштерін (ақпарат сұратуларын) қарау мерзімдерін бұзу бойынша мәселелерді тұрақты негізде жариялау.
 
Регламент талқылау үшін ведомствоның сайтында орналастырылған. Регламент жобасы сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/221164?lang=kk.
 

Ескертулер мен ұсыныстарды келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: [email protected]. Ұсыныстарды қабылдау ағымдағы жылдың 25 қазанына дейін жүзеге асырылады", - деп хабарлады АҚДМ.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:БАҚқұқық

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны