24.12.2021, 19:15 24571

Бекшин Алматының бас санитариялық дәрігері қызметінен кетеді

Бекшин Алматының бас санитариялық дәрігері қызметінен кетеді
Сурет: Алматы қаласының ІСБ
АЛМАТЫ. 24 ЖЕЛТОҚСАН - Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен кетеді.
 
Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері лауазымын босатады. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі растады. 
 
Алматы қаласының бас санитар дәрігері және ҚР ДСМ КСК Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді. 
 
Еске салайық, Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылдың сәуір айында тағайындалды. 
 
2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметін атқарған. 
 
Бұған дейін Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінде болып, лауазымынан босатылған еді. 
 
Жандарбек Бекшин 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 
 
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, 27 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін Жандарбек Бекшин еңбек демалысына шығады. 
 
Оның қызметін уақытша Қарлығаш Әбдіжаббарова атқарады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны