03.01.2022, 16:10 11091
Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл қарастыруды тапсырды
Достарға айту
Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс", - деп жазды Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Бұған дейін хабарланғандай, Маңғыстау облысының тұрғындары газ бағасына қарсы митинг өткізді.
Қазақстанда сұйытылған газ өндірушілер электронды сауда-саттыққа көшті. Электронды саудаға көшкенге дейін сұйытылған мұнай газының бағасы өз құнынан төмен бағаға сатылғандықтан, өндірушілер үшін тиімсіз болды. 2022 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша жеткізушілер Маңғыстау облысы үшін өндірушілерден 17 406 тонна сұйытылған мұнай газын сатып алды (Жеткізу жоспары бойынша бөлінгеннің 96,5%). Осылайша, Маңғыстау облысына қаңтарда сұйытылған газ жеткізудің орташа көтерме бағасы 133 126 теңге/тонна немесе 78 теңге/литр құрады. Бұл ретте бөлшек сауда бағасы Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында 100-120 теңге/литр болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.12.2024, 12:40 726
Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
Достарға айту
Биыл еліміздің су қоймаларына рекордты - 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын суы, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тасқын суын дұрыс бөлу су қоймаларын толтырып қана қоймай, соңғы жылдары құрғауға айналған өзендер мен көлдерге, шабындықтарға, табиғи жайылымдарға және басқа да айдындарға су жіберуге мүмкіндік берді.
Жыл басынан бері Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр су келді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 млрд текше метрге артық. Оның ішінде тасқын кезінде 3,3 млрд текше метр су түсті. Жыл басынан бері Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су келді. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.
Су тасқыны кезінде Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн текше метр су келді. Осының арқасында, бақылау тарихында алғаш рет бұл су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне жетті.
Су дипломатиясы, суды дәл бөлу және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы еліміздің оңтүстігінде су балансын жақсартуға қол жеткізілді.
Мәселен, биыл Солтүстік Аралға шамамен 2,5 млрд текше метр су жіберілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 400 млн текше метрге артық. Бұл ретте, Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын пайдаланғандықтан 200 млн текше метрге дейін су үнемдеп, ол су Солтүстік Аралға жіберілгенін де айта кеткен жөн.
Жыл басынан бері Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 4,7 млрд текше метрден астам су жіберілді. Салыстыру үшін, өткен жылы бұл көрсеткіш шамамен 4,3 млрд текше метр еді.
Біз әрқашан су ресурстарын бөлуде экономиканың қажеттіліктері мен су нысандарының экожүйесін қолдау арасындағы дұрыс тепе-теңдікті іздейміз. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушыларға кері әсерін тигізбестен үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Мысалы, өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Болашақта бұл бағыттағы жұмыс жақсарады. Оның ішінде суды сауатты басқару және тұтынуға басымдық беретін жаңа нормативтік-құқықтық база құру есебінен де нәтижеге жетуге ниеттіміз", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 11:07 2716
Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешу бойынша ботқа 8 мыңға жуық өтінім келіп түсті
Достарға айту
Қазақстанда ағымдағы жылдың шілде айында азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға және оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасы іске қосылды. Осылайша, бір жыл ішінде чат-бот арқылы 7 929 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Олардың ішінде 7 061 өтінім орындалды, 168-і орындалу сатысында, 23-і өңделуде және 674 өтінім жойылды.
Олардың арасында ең жиі келіп түскен өтінімдер: аумақтарды тазалау - 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқысты шығару - 668 өтінім, көшелерді абаттандыру - 648 өтінім, жолдарды жөндеу бойынша - 595 өтінім.
Өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр - 2 014 өтінім. Одан кейінгі орында Астана тұр - 1 587 өтінім. Үшінші орында Қарағанды облысы - 757 өтінім.
Чат-бот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың тиімді құралына айналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:59 67721
Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді
Достарға айту
Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық Шу және Талас өзендері арқылы суармалы су берілді. Бұл Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандары, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 26 сәуірде Бішкек қаласында Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан мен Қырғыз Республикалары комиссиясының 33-ші отырысы өтті. Отырыс шеңберінде 2024 жылғы суару кезеңіне арналған Шу және Талас өзендерінің мемлекетаралық көздері бойынша су алу кестесі бекітілді.
Нәтижесінде, Талас өзені арқылы Қазақстанға болжанған 380 млн текше метр судың орнына іс жүзінде 418 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 94,2 млн текше метрге артық. Шу өзенімен бекітілген кестеге сәйкес 165,3 млн текше метр су алынды, бұл былтырмен салыстырғанда 29,7 млн текше метрге көп.
Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының шаруалары сұраныстарына сай суармалы сумен толық көлемде қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, 90,1 мың га егіс алқабын суаруға 533,3 млн текше метр су берілді",- деді Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалы директоры Қайрат Аманов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:44 68041
Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады
Достарға айту
Астана Опера" балет труппасы Дубайда хореограф Юрий Григорович қойған П.Чайковскийдің "Щелкунчик" балетін сахналады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен бұл гастрольдер елордалық театрдың биылғы шетелдік турларының қорытындысы болды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қойылымның хореографиясы бастапқыдай қалуы үшін "Астана Опера" труппасымен гастроль алдында Юрий Николаевич Григоровичтің ассистенттері Руслан Пронин мен Оксана Цветницкая жұмыс істеді.
Спектакльді театрдың симфониялық оркестрі италиялық маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен сүйемелдеді.
Айта кету керек, спектакльдің былтырғы жетістігінен кейін "Астана Опера" балет труппасының көркемдік жетекшісі, әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратова бастаған қазақстандық труппаны Дубай театры қайта шақырды.
Астана Опера" труппасының "Дубай Операда" "Щелкунчик" балетімен келіп, қайта өнер көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Былтыр табысқа толы жыл болды. Сол кездегі труппаның керемет өнерінен кейін, біз оларды тағы да шақырдық. Таңғажайып қойылым, талантты әртістердің өнерін тамашалағанымызға өте қуаныштымыз", - деді "Дубай Опера" директоры Паоло Петрочелли.
Керемет қойылым! Спектакльдің көркемдігіне тәнті болдым. Мехикодан Дубайға арнайы "Щелкунчикті" көру үшін ұшып келдім. Осынау керемет опера театры залында барлық костюмдерді, декорацияларды және жарқын түстерді көру мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл труппаның жоғары деңгейдегі өнерін тамашалауға керемет мүмкіндік болды", - деді Артуро Перес Ривера.
Еске сала кетейік, алғашқы қойылым 19 желтоқсанда сәтті өтті. Алда әлі үш гастрольдік күн бар - 20, 21 және 22 желтоқсан. Бұл күндері жетекші солистер көрерменді ертегінің сиқырлы әлеміне жетелейді. Айта кету керек, труппа 6 спектакль ұсынады, олардың әрқайсысы аншлагпен өтеді деп күтілуде. Қойылым күндері көрермен ғажайып атмосфераны сезінуге мүмкіндік алады. Хореограф дайындаған жеке нөмірлер, атап айтсақ мүлгіген қысқы табиғаттың таңғажайып бейнесін көз алдыңа әкелетін ақ ұлпа қар бүршіктерінің биі ересектерге де, балаларға да зор әсер қалдырады. Классикалық хореография, символизм, қиял-ғажайып бейнелер мен Симон Вирсаладзенің көркемдік безендіруі бұл балетті шынымен ұмытылмастай етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:42 68241
Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті
Достарға айту
Астанада Отбасын қолдау орталықтары мен қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильдік топтар қызметі бойынша 2024 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, қазіргі уақытта елімізде 65 Отбасын қолдау орталығы (ОҚО) жұмыс істейді. Орталықтар қазақстандықтарға түрлі мәселелерді шешуге көмек көрсету үшін құрылған. ОҚО психологиялық, заңгерлік, ақпараттық кеңес береді, жұмысқа орналасуға және біліктілікті арттыруға жәрдемдеседі. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына бір айға дейін уақытша баспана ұсынады.
2024 жылдың сәуір айында әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Заңның қабылдануы отбасы институтын нығайту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда маңызды қадам болды.
Заңның жаңа редакциясы ОҚО қызметіне де өзгерістер енгізді - Отбасын қолдау орталықтарының бірыңғай желісі құрылып, отбасы мәселелерін шешуде кейс-менеджмент енгізілді.
Орталықтар көмекке жүгінгендердің жағдайын кешенді түрде бағалап, әр отбасының жағдайына байланысты жеке жоспар әзірлеп, оны жүзеге асыруда.
Жаңа тәсілде алдын алу шараларына баса назар аударылды. Қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларды ерте анықтау үшін Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің мамандарынан мобильдік жұмыс топтары құрылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының жеделдігі мен ыңғайлылығы үшін әлеуметтік қызметтерді ұсынудың интеграцияланған моделі ретінде мобильді қосымша әзірленді. Қазіргі уақытта мобильді қосымша сынақтан өтуде.
Заң күшіне енген сәттен бастап Орталықтардың саны 33-тен 65-ке дейін өсті. 2025-2027 жылдары олардың санын 208-ге жеткізу жоспарланып отыр.
Жыл басынан бері орталық мамандары 400 мыңнан астам кеңес берді.
Орталықтардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мобильдік топтардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерде көшпелі оқыту семинар-тренингтері өткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:37 68486
ҚТЖ-да Әйел теміржолшылар қауымдастығының алғашқы форумы өтті
Достарға айту
ҚТЖ-да Әйел теміржолшылар қауымдастығының алғашқы форумы өтті, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Форумның пленарлық сессиясына ҚР Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден және "Самұрық-Қазына" АҚ-ның Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан қатысты.
Спикерлер әйелдердің жетекші лауазымдардағы қызметі, жұмыс пен отбасына уақыт бөлуі, сондай-ақ кәсіби салада әйелдерді қолдаудың маңызы жайында талқылады.
Форумға жиналған 100 шақты қатысушы жетістікке жету жолдары мен ұсыныстарын айтып, шабыт беретін оқиғаларымен бөлісті.
Форум барысында "Қазақстан темір жолы" заң қызметінің басшысы Александра Смолина қауымдастықтың төрайымы болып сайланды.
Бұл форум ҚТЖ-ның гендерлік теңдікті дамыту, тең мүмкіндіктер беру және теміржол саласындағы әйелдерді қолдау стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:34 68691
Қазақстан ІІМ басшысы Әзірбайжанның Ішкі істер министрімен кездесті
Достарға айту
Әзірбайжан Ішкі істер министрлігінің делегациясы жұмыс сапарымен Қазақстанның полиция ведомствосында болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ержан Саденов пен Вилаят Эйвазов қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа, экстремизм және басқа да қатерлерге қарсы күрестің басым мәселелерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар қызметтің көптеген бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың оң нәтижелерін атап өтті. Жедел ақпарат алмасу және оң жұмыс тәжірибесімен бөлісу бойынша серіктестікті дамыту перспективалары айқындалды.
Сондай-ақ іс-шара аясында Әзірбайжан ІІМ делегациясы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қолданылатын цифрлық шешімдермен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің министрлері хаттамаға қол қойды, онда қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар нақтыланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 17:06 71401
Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) 1996 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде шығарылған қолма-қол АҚШ долларын ЕДБ айырбастау пункттерінің және банктік емес айырбастау пункттерінің айырбастаудан бас тарту фактілері бойынша азаматтардан түсетін шағымдардың жиілеп кеткені туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ҚҰБ бұл банкноталардың заңды төлем құралы болып табылатынын және олардың түпнұсқалығы расталған және зақымдануы болмаған жағдайда Қазақстанның айырбастау пункттерінде комиссиясыз қабылданатынын еске салады.
Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру тәртібі туралы.
Егер банкноталар бүлінбеген болса және айналыста жарамсыз деп танылмаған жағдайда ҚР заңнамасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау үшін комиссиялар көзделмеген.
Айырбастау пункттері алынатын комиссияны айырбастауға қабылданатын банкноталар төлемге қабілетсіз немесе одан әрі айналысқа жарамсыз болған жағдайда ғана белгілеуі мүмкін екенін атап өтеміз.
Егер айырбастау пункті комиссия алса немесе шетел валютасын шыққан жылына қарай қабылдаса, валюта айырбастаудан негізсіз бас тартса, сол айырбастау пункті орналасқан жердегі Ұлттық Банктің аумақтық филиалына шағымдану қажет. Шағыммен қатар барлық қажет ақпарат пен құжатты қоса көрсету керек, бұл заңға сәйкес шара қолдануға мүмкіндік береді.
ҚҰБ аумақтық филиалдарының байланыс деректері жөніндегі ақпаратты ҚҰБ-тың ресми интернет-ресурсынан табуға болады.
Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасымен кассалық операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес банк операцияларына депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын теңгемен және шетел валютасымен ашу және жүргізу жатады.
Касса операциялары мен банкноталарды, монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау ережелеріне сәйкес, банк мынадай касса операцияларын жүзеге асырады: клиенттен қолма-қол ақша қабылдау және клиентке қолма-қол ақша беру. Бұл операциялар банк туралы заңның 30-бабында көрсетілген банк операцияларын және басқа да операцияларды орындау үшін жүргізіледі.
Осылайша, ЕДБ кассалық операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынатын комиссияларды өздерінің ішкі тарифтік саясатына сәйкес белгілеуге құқылы.
Бұл ретте Банктер туралы заңға сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сыйақы мөлшерлемелері мен комиссияларды, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып өз бетінше белгілейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.12.2024, 11:07Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешу бойынша ботқа 8 мыңға жуық өтінім келіп түсті 23.12.2024, 11:03 681Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды23.12.2024, 12:40 51Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды23.12.2024, 12:45 11Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған 2 азаматы сотталды
20.12.2024, 12:52 78626ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда17.12.2024, 20:37 78276Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды20.12.2024, 17:06 70391Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады20.12.2024, 10:58 69581Ұлттық қордың Швециядағы активтерін қайтару және жаңа мүмкіндіктер - Ұлттық Банк Стати заявление бойынша мәлімдеме жасады20.12.2024, 19:34 67681Қазақстан ІІМ басшысы Әзірбайжанның Ішкі істер министрімен кездесті
12.12.2024, 17:30 111061Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 110426Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 106016ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 101981Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 101841Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады