11.01.2022, 12:04 19381

Тоқаев: ҰҚК ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіпті байқамады

Тоқаев: ҰҚК ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіпті байқамады
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАҢТАР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін сынға алды.
 

Жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені - өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық. (...) Ұлттық қауіпсіздік кеңесі уәкілетті орган ретінде бұл іріткіге нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген маңызды қауіпті байқамады", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

 
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған болатын. ҰҚК мемлекетке сатқындық жасау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастаған.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ТоқаевҰҚК

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны