13.12.2024, 20:25 6366
Қазақстан Президенті Түркіменстан Президентін құттықтады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуына орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті жеделхатында Түрікменстанның табысты жүргізіп отырған бейтараптық саясаты елдің халықаралық аренадағы беделін биіктетіп, зор құрметке бөлегенін атап өтті.
Қазақстан мен Түрікменстанды сан ғасырдан тамыр тартатын берік достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қарым-қатынас байланыстырады. Бауырлас екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік нығая түсіп, қарқынды дамып келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз", - делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.12.2024, 20:19 7021
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде өткен ЕҮАК отырысына қатысты
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады. Сауда қатынастарын нығайту, Одақтың транзиттік-көліктік әлеуетін күшейту, өнеркәсіп кооперациясын дамыту, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықты арттыру және экономикалық үдерістерді цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Отырысқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері басшылары: Армения Республикасы - Никол Пашинян, Беларусь Республикасы - Роман Головченко, Қырғыз Республикасы - Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы - Михаил Мишустин, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер: Өзбекстан Республикасы - Абдулла Арипов пен Куба Республикасы - Мануэль Марреро қатысты.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов өз сөзінде ЕАЭО-ның көлік-логистикалық негізі мен байланысын нығайтуға әрі дамытуға ерекше назар аударды.
Мамырдағы саммитте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту және кеңейту қажеттігін ерекше атап өтті. "Солтүстік - Оңтүстік" дәлізінің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннадан 20 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Теміржол саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде түйісу пункттері дамитын және теміржол желілерінің құрылысы жүзеге асырылады. Осылайша, біз транзиттік тасымал көлемін 28 млн тоннадан 45 млн тоннаға дейін ұлғайтуды, 5 мың шақырымға жуық жаңа және екінші темір жолдар төсеуді көздеп отырмыз", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бүгінде Қытайдан Еуропаға транзит көлемін ұлғайту үшін "Достық - Мойынты" учаскесінде темір жолдар салу жұмыстары жалғасуда. Жобаны іске асыру өткізу қабілетін 5 есеге, ал тасымалдау жылдамдығын 2 есеге - тәулігіне 1,5 мың шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Премьер-министр Одақтың инфрақұрылымдық басым жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Сауда қатынастарын дамыту мәселесінде алға қойылған мақсаттарға сәйкес, ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды. Интеграциялық бірлестік үшін байланыстырушы буын саналатын сауда үшін қолайлы жағдай жасаудың және ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы жүйелік кедергілерді жоюдың маңыздылығы атап өтілді.
Өнеркәсіп кооперациясын нығайту үшін бірлескен жобаларға қаржылай көмек көрсету тетігі қолданылады. Олжас Бектенов Одақтың басым міндеті - бизнесті қолдау құралдары мен қолда бар мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру бойынша жұмысты күшейту болуы тиіс екеніне тоқталды. Бүгінгі таңда кооперация үшін перспективалы бағыттар - жоғары технологиялық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру болуы мүмкін. Өнімдердің осы түрлерін шығаруды арттыру үшінші елдерден мұндай тауарлар импортын азайтуға ықпал етеді.
Өнімділікті арттыру мақсатында АӨК-те жоғары технологияларды енгізу ұсынылып отыр. Олжас Бектенов қазіргі таңда елімізде "цифрлы" фермалар белсенді дамып келе жатқанын, егіншілік пен мал шаруашылығында "ақылды" жүйелер қолданылатынын айтты. Ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларға дайын екені атап өтілді. Еуразия даму банкінің талдауына сәйкес, ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ауыл шаруашылығы әлеуетін іске асыру шамамен 600 млн адамның азық-түлікке деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Отырыс барысында экономикалық процестерді цифрландыру мәселесі де қаралды. ҚР Премьер-министрі озық цифрлы технологияларды табысты енгізу өзара сауда көлемін арттыруға, бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға ықпал ететінін баса айтты. Олжас Бектенов ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін іске қосу бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті, бұл қатысушы елдер арасында, бірінші кезекте, санитарлық, фитосанитарлық, көліктік және кедендік бақылау салаларында деректер мен электронды құжаттармен алмасуды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар бірқатар құжаттарға қол қойып, интеграциялық үдерістердің тиімділігін арттыруға, бірлескен жобаларды іске асыруға және ЕАЭО-ға мүше елдердің азаматтары мен бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған шешімдер қабылдады.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 2025 жылдың қаңтарында Алматы қаласында өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 19:00 8526
Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды
Достарға айту
Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығында халықаралық стандарттарға сай жабдықталған эндоскопиялық диагностика орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ермек Көшербаев пен еліміздің штаттан тыс бас онкологы, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова қатысты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа орталықта жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды пайдаланып, эндоскопиялық тексерулер мен шағын инвазивті оталарды жүргізуге мүмкіндік бар. Бұл қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтап, аурудың асқынуын тоқтатады. Сонымен қатар науқастарға седация кезінде қауіпсіз әрі ыңғайлы процедуралар ұсынылмақ.
Жаңа орталықтың ашылуы онкологиялық ауруларға қатысты көптеген мәселені шешуге септігін тигізеді. Ерте диагностика маңызды рөл ойнайды. Соның арқасында науқас өз уақытын, дәрі-дәрмек пен қаражатын үнемдей алады. Аурудың алдын алуға да назар аудару керек. Ота бөлмесінде онколог дәрігерлер күн сайын науқастардың өмірі үшін күресіп, ең күрделі операцияларды жасайды. Облысымызда онкологиялық аурулардың алдын алуға және емдеуге мүмкіндік беретін осындай орталықтың барына қуаныштымыз, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Өңір басшысы ем алушыларға мейірім көрсетіп, қамқорлық танытатын медицина қызметкерлерінің де жұмысын ерекше атап өтті.
Мекемеде жұмыс істейтін мамандардың барлығы бізді жылы шыраймен қарсы алды, бұл да емдеудің маңызды бөлігі саналады. Науқастар мұнда өте жақсы тамақтандыратынын жеткізді. Облыстағы барлық ауруханалар осындай деңгейде қызмет көрсетсе екен деймін. Басқа да медициналық мекемелерді осы дәрежеге көтеру үшін жұмыс істейтін боламыз, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Сондай-ақ биыл облыстағы шалғай аудандардың халқы скринингтен өтті. Маралды және Катонқарағай ауданында тұратын әйелдер алғашқылардың бірі болып тексерілді. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарына осындай бағдарламалар туралы ақпарат таратып, өз денсаулығына қамқорлық танытудың маңызын түсіндіру керек деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 18:50 8751
Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылар мен басқа да мүдделі тараптарды қысқы кезеңдегі ауа райы жағдайлары мен автожолдардағы қозғалыс шектеулерін ескеруге шақырады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
Әдетте, қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты, әсіресе қазақстан-қытай шекарасында, автомобиль өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігінің төмендеуі мүмкін. Бұл өңірде төмен температуралар мен қатты желдерге байланысты қытай тарапының белсенділігі азаюы ықтимал.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, екі елдің мерекелік күндерінде өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.
Жақын арада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Осыған байланысты, Комитет тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала түзетіп, өткізу пункттері жұмысының кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады.
Комитет өткізу пункттері жұмысының өзгеруіне жедел ден қою және тасымалдаушыларды уақытылы хабардар ету үшін көрші елдердің құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастық жасауда.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 14:41 9006
Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жасады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Марокко Корольдігіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Марокконың Әділет министрі Абдель Латиф Уахбимен келіссөздер барысында қылмыстылықпен күрес, заңдылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесудің нәтижесі қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы мемлекетаралық келісімдер жасау болды.
Қазақстандық қадағалау органы басшысының айтуынша, Марокко Корольдігімен мұндай келісімдерді жасау Қазақстан үшін өте маңызды, себебі географиялық орналасуына байланысты бұл ел Гибралтар бұғазы арқылы Африканы Еуропамен байланыстыратын бағыт болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 12 жыл бұрын біздің ел Мароккоға жақын орналасқан Еуропалық мемлекет - Испания Корольдігімен осындай халықаралық шарттарға қол қойғанын еске салды.
Қылмыскерлер үшін ықтимал жолдарды жабу және құқықтық өзара іс-қимыл тетіктерін нығайту арқылы Қазақстан мен Марокко азаматтарды қорғауға және екіжақты қарым-қатынастардың тұрақты дамуына ықпал ететін қауіпсіз құқықтық кеңістікті құруда маңызды қадам жасады.
Тараптар қол қойылған халықаралық құжаттардың қылмыстылықпен, атап айтқанда оның трансұлттық түрлерімен күресу саласындағы екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және құқықтық тәртіпті, екі ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға арналғанын айрықша атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 13:32 9366
Президент Жетісу облысының спорттық және мәдени нысандарын аралады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы Ескелді би ауылында биыл пайдалануға берілген мәдениет үйі мен спорт кешенінің ғимараттарын аралап көрді.
Жергілікті бюджет есебінен бой көтерген 150 орындық мәдениет үйінде кітапхана, әжелер мен домбырашылар ансамбльдері, би үйірмесі секілді ұжымдар орналасқан.
Мемлекет басшысы ауыл кітапханасымен танысты. Сондай-ақ өнерпаз балалармен жүздесіп, еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне тілектестік білдірді.
Президент мәдениет үйіне музыкалық жабдықтар мен суретші Ә.Баяндиннің картинасын тарту етті.
Биыл облыстың шалғай ауылдарындағы бес мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, сегіз клуб жаңадан салынған.
Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында елді мекендерде 15 шағын спорт нысаны ашылды.
Соның бірі - Ескелді би ауылындағы спорт кешені. Ауыл тұрғындары мұнда тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы үйірмелеріне, бокс, күрес, волейбол, баскетбол секцияларына қатысады.
Президент ауыл балаларымен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың алаңсыз білім алуына, спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп директоры Ләззат Испанова оқушылардың жетістіктері туралы айтып, жазушы мұражайымен таныстырды. 1997 жылы құрылған музейге қаламгердің тұтынған заттары, фотосуреттері, құжаттары мен кітаптары қойылған. Президентке жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік ойын және повестерінің желісі бойынша шағын қойылым көрсетілді.
Мемлекет басшысына "Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры" атқарған жұмыстар жөнінде баяндалды. Биыл Қордың құрылғанына 15 жыл толып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2024, 17:30 35361
Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Достарға айту
Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Ғимарат 1981 жылы салынды, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.
Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажетті қолайлы жағдай жасайды.
Бұған дейін Үкімет бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарында Зеренді ауылында (Ақмола облысы) спорт кешені, Темірлан ауылында (Түркістан облысы) музыка мектебі, Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт орталығы, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы, Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Жамансор ауылында (Атырау облысы) мектеп, Риддердегі көпсалалы аурухана құрылысын аяқтау, сондай-ақ Шымкентте "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" кешеніндегі жатақхана құрылысы секілді жобалар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2024, 17:23 35586
Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызмтінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары "Талдықорған" индустриялық аймағында орналасқан "ASMA INDUSTRIAL" өндірістік аккумулятор шығару зауытының жұмысымен танысудан басталды.
Құны 8,5 миллиард теңгені құрайтын жоба былтыр қолға алынып, алдымен ғимараты жаңартылған. Бюджет қаражатына электр жабдықтары орнатылып, кәріз және газдандыру желілері тартылған. Аумағы 14,3 гектар болатын зауыт биылғы 6 желтоқсан күні іске қосылды.
Президентке өндіріс орнын таныстырған "ASMA INDUSTRIAL" ЖШС құрылтайшысы әрі зауыт директоры Серікбай Ажмағамбетовтің айтуынша, мұнда мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, теміржол саласында, сондай-ақ "жасыл" энергетикада үздіксіз энергия көзі ретінде қолданылатын өндірістік аккумулятор батареялары шығарылады.
Мемлекет басшысына баяндалған мәліметтерге сәйкес, зауыт толық қуатына шыққанда 180 жұмыс орны құрылып, жылына 210 мың аккумулятор өндіреді. Дайындалған өнімнің 60 пайызын ТМД және Балтық елдеріне экспорттап, қалған 40 пайызын отандық нарықта сатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ іске қосылған алғашқы жылы бюджетке 500 миллион теңгеден астам салық төлейді.
Зауытқа қажетті шикізаттың басым бөлігі Қазақстан кәсіпорындарынан сатып алынады. Атап айтқанда, "Казцинк" ЖШС-тен қорғасын, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК" АҚ-дан күкірт қышқылын алса, сепаратор мен полипропиленді Қытайдан импорттайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, еліміздегі өндірістің рөлі туралы айтты.
- Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз. Стратегиялық маңызы бар Жетісу облысына ерекше назар аударамыз, - деді Президент.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы облыстағы кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ отандық бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2024, 17:11 32036
Қайтыс болған Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
10 желтоқсанда азамат Қ. Нұрымов бұзақылық және көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау фактісі бойынша ұсталды. Ол қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне қарсы дөрекі сөз сөйледі, оларды пышақпен қорқытты, сонымен қатар басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтірді, атап айтқанда, көлікті пышақпен сырып, дөңгелекті тесіп тастады. Іс-әрекетке тоқтамай, айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзды. Бұзақылық фактісі бойынша сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды тағайындады, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді.
10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында орын алған құқыққа қарсы іс-қимыл нәтижесінде автокөлік иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды, бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен едәуір асып, іс-әрекеттің қылмыстық саралануына әкеп соғады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, жазаның бұлтартпаушылығы және Заң мен тәртіпті сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, полиция құқық бұзушылықтардың барлық фактілерін, оларды кім жасағанына қарамастан, елдегі заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі болып табылатын бейтарап тергеуге міндетті екенін хабарлаймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.12.2024, 13:32Президент Жетісу облысының спорттық және мәдени нысандарын аралады 13.12.2024, 14:41 8971Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жасады13.12.2024, 18:50 8716Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады13.12.2024, 19:00 8491Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 20:19 6986Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде өткен ЕҮАК отырысына қатысты
11.12.2024, 12:35 60351Граниттің орнына киім: ондаған миллион теңге тұратын контрабанда мемлекет пайдасына тәркіленді11.12.2024, 12:33 60321ШҚО прокуратурасы есірткі қылмыстарына қарсы күресте жаңа әдістерді енгізуде11.12.2024, 12:38 60236Елімізде "Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы" ақпараттық жүйесін іске қосылды09.12.2024, 13:05 55041ІІМ Алматы академиясының жаңа бастығы тағайындалды09.12.2024, 13:37 54881АҚШ Сириядағы 75-тен астам нысанаға соққы берді
22.11.2024, 14:04 136806Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 136591Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 111156Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді06.12.2024, 17:15 105101ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды22.11.2024, 11:55 101176Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті