06.01.2022, 03:40 826

ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерін Қазақстанға жібереді

ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерін Қазақстанға жібереді
Сурет: twitter/Ресей ҚМ
АЛМАТЫ. 6 ҚАҢТАР - Жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстанға ҰҚШҰ бітімгерлері жіберіледі. ҰҚШҰ контингенті Қазақстанға шектеулі мерзімге әкелінеді, деп мәлімдеді Армения Премьер-Министрі, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қазіргі төрағасы Никол Пашинян.
 
ҰҚШҰ басшылары Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешім қабылдады, деп жазды Пашинян Facebook парақшасында.
 

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне байланысты және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігіне, атап айтқанда, сырттан араласудан туындаған қатерді ескере отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Ұжымдық қауіпсіздік шартының 4-бабына сәйкес, осы елдегі жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру мақсатында ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерін Қазақстан Республикасына шектеулі мерзімге жіберу туралы шешім қабылдады", - деп жазды кеңес төрағасы.


Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға төнген террористік қауіпке байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрағанын айтты.

Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны