31.01.2022, 14:58 17326

Алматыда тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлерге 33 млн теңге өтемақы төленді

Үкімет бизнестің қызметін қалпына келтіру мақсатында оларға келтірілген залалды жедел өтеу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады.
Алматыда тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлерге 33 млн теңге өтемақы төленді
АЛМАТЫ. 31 ҚАҢТАР - Шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі өңірлік комиссиялар кәсіпкерлерден түскен өтінімдерді белсенді түрде қарап жатыр. Алғашқы өтемақылар Алматыдағы бизнесмендердің есеп айырысу шоттарына төленді, деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Алматы қаласында 17 кәсіпкер жалпы сомасы 33 млн теңгеге төлем алды.
 
Биылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша "InfoKazakhstan.kz" электрондық платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан залалды өтеуге 2000-нан астам өтінім берілді. 
 

Залалды өтеу тетігі өтінімдерді оңайлатылған тәртіп бойынша және сот сараптамасының қорытындылары негізінде өтініш берушінің қалауы бойынша қарауды көздейді. Алматы қаласында сараптамаларды жедел жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істейді, 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылды", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

 
Үкімет бизнестің қызметін қалпына келтіру мақсатында оларға келтірілген залалды жедел өтеу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны