02.02.2022, 16:38 16466

Алматы облысында полиция департаменті бастығының барлық орынбасарлары жұмыстан босатылды

Бұл туралы ІІМ өкілі мәлімдеді.
Алматы облысында полиция департаменті бастығының барлық орынбасарлары жұмыстан босатылды
Сурет: polisia.kz
ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 АҚПАН - Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған полиция басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ІІМ өкілі мәлімдеді.
 
Ресми сұрауға жауап ретінде ведомство өкілі министрліктің тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы ПД басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қарағанын мәлімдеді.
 

ІІМ-нің 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығы бойынша, Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған Полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылды", - деді ведомство өкілі.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны