09.02.2022, 18:20 21571

Бабақұмаров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды

Бабақұмаров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды
Сурет: inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. 9 АҚПАН - Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. 
 
1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саяси тарих пәнінің оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі.
 
Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан даму институтының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының директоры лауазымынан бастаған.
 
1996 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
 
1996-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аға референті, кеңесші, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
 
2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрінің міндетін атқарушы, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, жауапты хатшысы болды.
 
2008-2012 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
 
2012-2016 жылдары - ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РМК директоры.
 
2016-2018 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары. 2018-2019 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжау орталығының меңгерушісі.
 
2019 жылғы сәуір-шілде аралығында ҚР Президентінің кеңесшісі болды.
 
2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны