18.02.2022, 17:35 44636
ҚР Президенті Архивінің директоры тағайындалды
Сурет: archive.president.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Құсайынқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры лауазымына тағайындалды", - бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Өз кезегінде, Президент өкімімен Жәмила Әбдіқадырова қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.11.2024, 14:47 10081
Jibek joly туристік пойызы теміржол туризмінің жаңа көкжиегін ашты
Достарға айту
Jibek joly туристік пойызы теміржол туризмінің жаңа көкжиегін ашты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Jibek joly туристік пойызы "Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы" бағыты бойынша алғашқы сапарын сәтті бастады. Биыл алғаш рет іске қосылған тур 5 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында жолаушылар жайлы сапардан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени-тарихи орталығы саналатын Түркістан мен Ташкент қалаларында болады.
Туристік пойыздың құрамына бұрын басқа маршруттарда пайдаланылмаған, Қазақстанда өндірілген су жаңа бес заманауи вагон кіреді. Пойыз экипажының құрамында басшы, сегіз тәжірибелі жолсерік және электромеханик бар.
Пойыздың сыртқы көрінісінде мемлекеттік Тудың суреті бейнеленсе, ішкі дизайны қазақы қонақжайлылықтың атмосферасын көрсетеді. Яғни, ұлттық ою-өрнектері бар алтын түстес төсек-орын вагонға ерекше сипат беріп, дәстүрлі стильде безендірілген вагон-ресторан ұлттық және еуропалық тағамдардың түрлі мәзірін ұсынады.
Біз алғаш рет Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы бағыты бойынша туристік пойызбен саяхатқа шықтық. Сапар аясында бір күн Түркістанда, екі күн Ташкентте боламыз. Бұл туристік пойыз теміржол туризмінің және жалпы еліміздің туристік әлеуетінің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді", - деп атап өтті жолаушы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:30 10666
Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыратын жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі бақылауға алынады
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бойынша еңбек мобильділігі орталықтарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларының жобасын әзірледі. Құжат жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Құжаттың негізгі мақсаты - республикадан тыс жерлерге жұмысқа шығатын қазақстандықтарды даярлауды, олардың еңбек қызметін тиімді ұйымдастыруды және шетелде еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Қағидалар шетелде азаматтарды жұмысқа орналастыруға қатысуға үміткер жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ осы агенттіктердің еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
Сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің шетелде жұмысқа орналасқысы келетін ізденушілерді іріктеу және оларды даярлау тәртібі регламенттеледі.
Бұдан басқа белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің тізілімін құру және жүргізу көзделеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:24 10871
Қазақстанда 170 мыңнан астам адам құмар ойындарын ойнауға өз еркімен тыйым салды
Достарға айту
Қазақстанда 170 мыңнан астам адам құмар ойындарын ойнауға өз еркімен тыйым салды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:
eGov mobile арқылы - 40 212 адам (жалпы санның 23,90%);
жазбаша - 836 адам (жалпы санның 36,17%).
2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.
Пилоттық жобаны пайдалануға енгізгеннен кейін бір айда (18.04.2024 ж.) eGov mobile арқылы 35 342 өтініш берілсе, 15.11.2024 ж. берілген өтініштердің саны 168 250 құрады.
Сонымен қатар азаматтардың дәстүрлі қағаз жүзінде өзін-өзі шектеуге өтініш беруден мобильді қосымша арқылы онлайн өтініш беруге біртіндеп көшуі байқалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:17 11196
Талғар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Достарға айту
Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Ынтымакович Байбатыров тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Өмірбаяны:
Туған күні: 29 қазан 1987 жыл.
Білімі: Жоғары, "Орталық Азия Университеті", құқықтану мамандығы.
Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 8 жылдан астам.
Еңбек жолы:
2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маманнан бастап, бас маман лауазымына дейін көтерілді.
2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды.
2023 жылдан бастап Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Бауыржан Ынтымаковичті жаңа қызметімен құттықтаймыз! Жұмысыңызға табыс пен сәттілік тілейміз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 13:40 11881
Бакуде COP29 аясында "Жасыл энергетика және инновация: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" панельдік сессиясы өтті
Достарға айту
Баку қаласында СОР29 Энергетика күні аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Жасыл энергетика және инновациялар: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" панельдік сессиясын өткізді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Энергетика вице-министрі С.Есімхановтың төрағалығымен іс-шараға қатысушылар Қазақстанның жасыл энергетиканы дамыту, елдің энергетикалық балансындағы жаңартылатын энергия көздерінің, атом және сутегі энергетикасының үлесін арттыру жөніндегі мақсаттары мен перспективаларын, сондай-ақ метанның антропогендік шығарындыларын азайтуға бағытталған мемлекет қабылдайтын шараларды талқылады. Үкіметтің "жасыл қаржыландыруды" тарту үшін қабылданып жатқан шаралары талқыланды. Панельдік сессияға "Masdar", "ЕҚДБ" және "Азия даму банкі" компаниялардың өкілдері қатысты.
Бұдан басқа, ҚР Энергетика вице-министрі Қазақстанның сутегі бастамасына (Hydrogen Breakthrough Agenda)қосылуы туралы жариялады, бұл биылғы жылы қабылданған Сутегі энергетикасын дамыту тұжырымдамасын және Қазақстанның батысында "Svevind" неміс компаниясымен сутегі бойынша бірлескен жобаны іске асыру жөніндегі жоспарларды ескере отырып, елдегі сутегі энергетикасының дамуына ықпал ететін болады.
С. Есімханов жасыл энергетика саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның тұрақты дамуға бейілділігін атап өтті.
Сондай-ақ, ҚР Энергетика вице-министрі Б.Ілиястың төрағалығымен Әзірбайжан, ЖЭК жөніндегі халықаралық агенттік (Irena), Азия Даму Банкі және АҚШ сауда министрлігі ұйымдастырған сессияларға қатысты, сессия барысында инновацияларды енгізу және "жасыл" энергетика секторына инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі энергияға өту және метан жөніндегі мақсаттарды ұйымдастыруды қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 12:52 12771
Қайтарылған активтердің 8 млрд теңгесі Ақтөбеде балабақша салуға жұмсалады
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру жалғасуда.
Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.
Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады. Бүгінгі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді. Жобаны іске асыру қажетті инфрақұрылымды құруға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту мен тәрбиелеуді қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын салу жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданған болатын.
Жұмыс жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 12:49 13061
Қазақстанда 50,2 млн тонна жем дайындалды
Достарға айту
Қазақстанда 50,2 млн тонна жем дайындалды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн.гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14% құрады (2023 жылы-13%).
24,5 млн.тонна шөп (бір жарым жылдық - 36,7 млн. тонна), пішен - 1,7 млн. тонна, сабан - 4,6 млн. тонна, концкорм - 5,5 млн. тонна және сүрлем - 2,0 млн. тонна дайындау жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 18 қарашадағы жағдайы бойынша 34,9 млн.тонна көлемінде шөп немесе бір жылдық жоспардан 142,6%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 5,6 млн тонна құрама жем (102,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,9%) және 5,1 млн тонна сабан дайындалды (111,9%).
Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 15:50 74476
ТЖМ құтқарушылары өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізуде
Достарға айту
Шымкент қаласының әуежайында әуе кемесіндегі өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық мақсатына сәйкес "Алматы-Шымкент" бағыты бойынша ұшқан "АН-24" ұшағының апаттық қонуы салдарынан өрт орын алды. Әуе кемесінің бортында 48 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болды. Шасси тағанының істен шығуы, қозғалтқыштың және оң жақ жанармай багының бұзылуы салдарынан жанармай төгіліп, өрт шықты. Әуежайдың ұшуларды іздестіру мен апатты-құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері қаланың өрт сөндірушілерімен және құтқарушыларымен бірлесіп әуе кемесіндегі өртті сөндіру, экипаж бен жолаушыларды құтқару жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде дағдыларын жаттықтыру, сондай-ақ әуежайдың бөлімшелері мен қалалық қызметтерінің өзара бірлесіп қызмет атқару іс-қимылдарын машықтау болды. Оқу-жаттығудың соңында талдау жүргізіліп, қорытынды жасалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.11.2024, 12:49Қазақстанда 50,2 млн тонна жем дайындалды 18.11.2024, 12:52 12056Қайтарылған активтердің 8 млрд теңгесі Ақтөбеде балабақша салуға жұмсалады18.11.2024, 13:40 11166Бакуде COP29 аясында "Жасыл энергетика және инновация: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" панельдік сессиясы өтті18.11.2024, 14:17 10481Талғар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды18.11.2024, 14:24 10156Қазақстанда 170 мыңнан астам адам құмар ойындарын ойнауға өз еркімен тыйым салды
14.11.2024, 15:50 93216ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады14.11.2024, 15:36 93106Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады14.11.2024, 15:44 93041Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді14.11.2024, 15:30 92931Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді14.11.2024, 15:01 92751Қазақстан "Серпін" бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
24.10.2024, 16:52 140201Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 136956Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 134301Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 129881Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 129701Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді