23.02.2022, 18:05 19936

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары қамауға алынды
Сурет: ҚР ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. 23 АҚПАН - 2022 жылғы 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2022 жылғы 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды, бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК Төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны