25.03.2022, 17:51 17651

"Тараз" ӘКК тұрғын үйлер құрылысына жер учаскелерін заңсыз берді

"Тараз" ӘКК тұрғын үйлер құрылысына жер учаскелерін заңсыз берді
Сурет: Depositphotos
ТАРАЗ. 25 НАУРЫЗ - Монополияға қарсы департаментпен "Тараз" ӘКК акционерлік қоғамының қызметіне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізу шеңберінде ҚР Үкіметінің қаулысына қайшы келетін жер учаскелерін заңсыз беру түріндегі заңнаманы бұзу, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесі бекітілген.
 
Алайда, "Тараз" ӘКК акционерлік қоғамы инвестициялық және инновациялық жобалар болып табылмайтын және Үкімет бекіткен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін тұрғын үйлер мен кешендер салу үшін жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.
 

Тараз" ӘКК акционерлік қоғамына жер учаскелерін заңсыз беру тәжірибесін тоқтату туралы хабарлама шығарылды, оның орындалуы 30 күнді құрайды.

 
Аталған хабарлама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны