28.03.2022, 17:30 10781

Қазақстан АҚШ мұнай компаниясының сотын жеңіп алды

2022 жылғы 25 наурызда 460,1 млн АҚШ доллары сомасына «Big Sky Energy Corporation» («Big Sky») мұнай компаниясы берген талап арыз бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шығарылған төрелік шешім күшіне енді.
НҰР-СҰЛТАН. 28 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 25 наурызда 460,1 млн АҚШ доллары сомасына «Big Sky Energy Corporation» («Big Sky») мұнай компаниясы берген талап арыз бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шығарылған төрелік шешім күшіне енді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 24 қараша 2021 жыл Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың трибуналы Big Sky мұнай компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы барлық талап-арыз талаптары бойынша бас тартып, қорғауға жұмсалған төрелік шығындар үшін Қазақстан Республикасына шамамен 575 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Апелляцияның мерзімі 2022 жылдың 24 наурызында аяқталғанын және Big Sky осы шешімнің күшін жою туралы өтініш білдірмегенін ескере отырып, төрелік енді аяқталды деп саналады", - деп ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.


Төрелік процесс барысында Big Sky компаниясы мемлекетпен байланысы жоқ үшінші тұлғалармен жеке келісімшарттарды орындауға байланысты 460,1 млн, АҚШ доллары сомасында елеулі залалды Қазақстан Республикасынан өндіріп алуға тырысты. Бұл ретте Big Sky Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында жасалған инвестициялық келісімнің ережелерін бұзу орын алған болжамдарға негізделе отырып, мемлекеттен залалды өндіріп алуға тырысты.

Қазақстан Республикасы трибуналға Келісімнің ережелерін бұзбағанын және барлық талап қою талаптары бойынша бас тартылуға тиіс екенін анық көрсетті.

Big Sky әлі күнге дейін Қазақстан Республикасына оған берілген, мемлекеттік бюджетке аударылуы тиіс шығыстарды төлемеген. Қазақстан Республикасы шығыстардың өтемін беру жөніндегі шешімді орындау жөнінде тиісті қадамдар жасайды. Әділет министрлігі тиісті құқықтық тетіктерді пайдалана отырып, шетелдік төреліктерде мемлекеттің мүдделерін білдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады", - деп ҚР ӘМ басшысы Қанат Мусин мәлімдеді.



 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны