06.04.2022, 21:27 15831

Қазақстан құрлықтағы шекарадан өтуге қойылған шектеулерді алып тастады

Қазақстан құрлықтағы шекарадан өтуге қойылған шектеулерді алып тастады
НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия биылғы 11 сәуірден бастап Ресей Федерациясымен, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларымен құрлықтағы өткізу пункттерінде ҚР азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуіне қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. 
 
Сондай-ақ, әуе қатынасы арқылы ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге қойылған барлық шектеулер алынып тасталады. Бұл ретте қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және шетел азаматтарына ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе вакциналау паспорттары өзара танылған жағдайда COVID-19-ға қарсы вакциналаудың, ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты/паспортты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталады.
 
Вице-Премьер өз сөзінде мемлекеттік шекараны ашу мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты жеке бақылауында екенін айтты. 
 
Отырыс соңында Е. Тоғжанов әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны