29.04.2022, 17:58 26186

Тоқаев қаңтар трагедиясы туралы: біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі" атты XXXI сессиясының жұмысына қатысты.
Тоқаев қаңтар трагедиясы туралы: біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық
Сурет: facebook/Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 29 СӘУІР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі" атты XXXI сессиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ассамблея сессиясын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналғанын және мұның зор символдық мәні бар екенін атап өтті.
 

Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз", – деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны