26.05.2022, 18:05 28061

Тоқаев пен Жапаров екі елдің стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады

Тоқаев пен Жапаров екі елдің стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады
БІШКЕК. 26 МАМЫР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шағын форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды.
 
Қазақстан Президенті биыл екі елдің дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толып отырғанын еске салды. 
 

Осы кезеңде ынтымақтастық аясы барынша кеңейіп, достығымыз нығая түсті. Біз барлық деңгейде өзара сенімге негізделген саяси диалог орнаттық. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық кеңестеріміз бар. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрліктері ықпалдаса жұмыс атқаруда. Қазақстан тек Қырғыз елімен осындай тығыз байланыс орнатқанын ерекше атап өткім келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Садыр Жапаров Қазақстан Президентінің бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті.
 

Біз – ынтымақтастығы жарасқан бауырлас елдерміз. Екі ел арасында, тіпті өңірлеріміздің деңгейінде де ешқандай түсінбестік болған емес. Толықтай достық рухта бірге дамып келеміз", – деді Қырғызстан Президенті.

 
Айта кетейік, Тоқаев Қырғызстан Президентінің шақыруымен Бішкекке ресми сапармен келді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны