14.07.2022, 15:39 11531

Президент шұғыл түрде қант саласын дамыту бойынша салалық жоба әзірлеуді тапсырды

Президент шұғыл түрде қант саласын дамыту бойынша салалық жоба әзірлеуді тапсырды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс берді.
 

Бұған дейін іске қосылған жеті қант зауытынан бүгін төртеуі ғана жұмыс істеп тұр, олардың үштен бірі ғана жүктелген. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылға қарай қант қызылшасының үлесін 7-ден 43 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Алайда соңғы төрт жылда қант қызылшасын егу үш есе қысқарған. Біз 90 пайыз импорттық қантқа тәуелдіміз. Бұл ретте ЕАЭО аясындағы шешімдерге сілтеуге болады, алайда қалай болғанда да, бұл - Үкіметтің қателігі. Демек, мемлекет мүддесін қорғай алмадық. Үкімет тез арада қант саласын дамыту бойынша жеке салалық жоба жасап шығаруы қажет. Мақсаты - импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтып, ақырындап өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жету", - деді Тоқаев.

 
Мемлекет басшысы ел алдында қос министр - Сұлтанов пен Қарашөкеевке сөгіс жариялады. 
 
Ақпарат көзі: kazlenta.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Қант

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны