09.08.2022, 16:12 16036

Премьер мемлекеттік тапсырыс негізінде колледждерге қабылдауды арттыруды тапсырды

Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, Академиялық артықшылық орталықтарын құру мәселелерін пысықтау тапсырылды.
НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Оқу-ағарту министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен, өңір әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлерде балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайтсын. Өңір әкімдіктері жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде колледждерге қабылдауды ұлғайтуды қамтамасыз етсін", – деді Премьер-Министр.

 
Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, еліміздің өңірлік жетекші мемлекеттік университеттерінің базасында Академиялық артықшылық орталықтарын құру мәселелерін пысықтау тапсырылды. 
 
Өз кезегінде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық жобаны іске асыру аясында жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын дамыту, халықаралық аккредиттеуден өткен заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу, шетелдік әріптестермен академиялық алмасуларды кеңейту, олардың басқарушылық дербестігін кеңейту және т.б. бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.
 
Ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің хабарлауынша, Ұлттық жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 88,4%-ды, 3-6 жаста – 99%-ды құрады. 
 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі енгізіледі. Оқыту шығармашылық пен қозғалыс белсенділігі және ойын арқылы жүргізіледі. Ол үшін мемлекеттік стандартқа, типтік оқу жоспарларына және бағдарламаларға өзгерістер енгізілді. 
 
Ересек балаларды қосымша біліммен қамту 70,5%-ға дейін (2,4 млн-нан астам бала) ұлғайды, 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 75%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
 
Сонымен қатар, 175 мың мүмкіндігі шектеулі бала арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте жастан түзетумен қамтылды.
 
Колледждерге оқуға түсуге бірқатар жаңашылдықтар енгізілді. Олар экономика қажеттілігіне тиісті мамандар даярлауға негізделген. Мамандық таңдауда 9-сынып бітіріп, оқуға түсушілерге кәсіби диагностика енгізілді, нәтижесінде талапкерлер мамандық таңдау бойынша ұсыныстар алады.
 
Баяндамаларды тыңдаған Премьер–Министр Ұлттық жобаның басты міндеті – балабақшадан бастап, білім берудің барлық деңгейлерінде халықтың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету екенін атап өтті.
 

Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2021 жылдан бері 674 балабақша ашылды. 326 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ 1436 мектеп жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орын беретін мектептер салу көзделген", — деді Әлихан Смайылов.

 
Үкімет басшысы жастарды кәсіптік-техникалық біліммен қамту үшін бюджеттен мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша 45 мың орын бөлінгенін айтты. Еңбек нарығының сұранысына сай кадр даярлау үшін 500-ге жуық кәсіпорын колледждерді қамқорлыққа алды.
 
Сонымен қатар жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының 4 филиалы ашылды. Инновациялық бағыттар бойынша шетелдерден 400 оқытушы тартылды.
 

Жалпы, білім беру сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар іске асырылып келеді", — деді Әлихан Смайылов.

 
Премьер-Министр "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасын пысықтау бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны