16.08.2022, 17:28 11751

Қазақстанның Бас прокуратурасы қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялады

Қазақстанның Бас прокуратурасы қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялады
Сурет: facebook/Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 16 ТАМЫЗ - Қазақстанның Бас прокуратурасы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан адамдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Қаңтар оқиғалары кезінде 238 адам қаза болды. Олардың ішінде қылмыскерлер, әрі кінәсіз адамдар да бар. Біз әрбір фактіні жан-жақты қараудамыз", - деді ОКҚ брифингінде Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

 
Оның айтуынша, қазіргі уақытта "Қаңтар оқиғасы" кезінде адамдардың қаза болу фактілерімен құқық қорғау органдарымен 200-ден астам қылмыстық іс тергелуде. Куәгер болуы мүмкін 10 мыңнан астам азаматтан жауап алынды.
 

Бүгінгі күні біз 176 адамның қаза болу мән-жайларын анықтадық және тергеу жалғасуда", - деді спикер.

 
Қаза болғандардың тізімі ведомствоның сайтында жарияланған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны