25.08.2022, 10:46 30926

Смайылов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің ортақ газ нарығы мәселелері жөніндегі отырысына қатысады

Отырыстың күн тәртібіне сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру, алкоголь нарығын реттеу, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру мәселелері енгізілді.
ШОЛПАН-АТА. 25 ТАМЫЗ - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 25-26 тамызда Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Отырыстың күн тәртібіне интеграциялық бірлестіктің ортақ газ нарығын қалыптастыру, өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру, алкоголь нарығын реттеу, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру мәселелері енгізілді.
 
Сондай-ақ, Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшыларымен екіжақты келіссөздері жоспарланған.
 
Еске сала кетейік, іс-шараға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің, бақылаушы-мемлекеттердің үкімет басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы, сондай-ақ шақырылған мемлекеттердің үкімет басшылары қатысады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны