26.08.2022, 15:57 27016
Қазақстанның жаңа облыстарынан сайланған сенаторлардың есімдері белгілі болды
Сурет: ҚР ОСК
Барлық үш өңір бойынша 346 мәслихат депутатынан дауыс беруге 311 депутат қатысты. Яғни, барлық өңірлерде кворумға қол жетті. Парламент Сенатындағы тиісті 6 мандатқа барлығы 12 кандидат (әр облыстан 4 адамнан) дауысқа түскен", - деп хабарлайды ОСК.
Абай облысынан:
- Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);
- Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);
Жетісу облысынан:
- Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);
- Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);
Ұлытау облысынан:
- Медебаев Советбек Тұрсынұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);
- Шайдаров Серік Жаманқұлұлы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент Сенатының депутаттары алты жылға сайланады. Сонымен қатар, олардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
«Қазіргі уақытта Парламент Сенатында 2017 және 2020 жылдары сайланған депутаттар өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда. Атап өту қажет, 2022 жылғы 24 тамызда өткен сайлауда таңдаушылар – мәслихат депутаттары жанама сайлау құқықтары негізінде жасырын дауыс беру арқылы жаңа сенаторлардың қайсысы 2017 және 2020 жылдары сайланған депутаттардың өкілеттік мерзімдеріне ротация арқылы сайланатынын өздері анықтады», - деп ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.04.2025, 10:30 226
Қазақстанның алты өңірінде жаңа орман питомниктері құрылуда
Қазақстанның алты өңірінде жаңа орман питомниктері құрылуда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, бүгінде республикада материалдық-техникалық жабдықтар жаңартылуда, орман өрт сөндіру техникасы сатып алынуда, өртті ерте анықтау жүйелері енгізілуде, жаңа орман тәлімбақтары құрылуда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кеңейтілуде, қалдықтарды кәдеге жарату жобалары жүзеге асырылуда, ал сирек кездесетін жануарлар - жолбарыстар, құландар және Пржевальский жылқылары табиғатқа қайта жіберілуде.
Ормандарды қорғауды күшейту және материалдық-техникалық жаңарту үшін орталық бюджеттен өртке қарсы және орман өрт сөндіру техникасын сатып алуға 5,4 млрд теңге бағытталды, жергілікті құрылымдардан 6,7 млрд теңге бөлінді. Орман өрттерін тиімді сөндіру үшін тракторлар, арнайы техника мен жабдықтар сатып алынуда.
Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі "Қазақтелекоммен" бірлесіп жүзеге асырылуда. "Жасыл аймақ" пен "Семей орманы" сияқты 24 орман шаруашылығы аумақтарын зерттеу жұмыстары басталды.
6 өңірде жаңа орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бюджет 21,2 млрд теңгені құрайды, әрбір тәлімбаққа 3,5 млрд теңгеден қаралған. Оның қуаты - 6 млн көшет. Құрылыс 2025 жылы басталады. Биоалуантүрлілікті сақтау тұжырымдамасын әзірлеу басталды.
Жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) - "Мерке" өңірлік паркі (86 мың га), "Арал" (471 мың га) және "Жайық орманы" (46,9 мың га) резерваттары құрылуда. Үш аумақты - Үстірт, Қаратау, Іле-Балқаш, 648 мың гектарға кеңейту жоспарлануда. 6 ЕҚТА-да бақылау өткізу пунктерін автоматтандыру және электрондық төлем жүйесі енгізілуде. Орманшыларға арналған білім беру орталығы ашылады.
2024 жылдан бері Президенттің "Таза Қазақстан" бастамасы жүзеге асырылып келеді. Экологиялық қозғалысқа 6 млн адам, оның ішінде 230 мың ерікті қатысты. 1,1 млн тонна қоқыс жиналып, 1,6 млн ағаш отырғызылды. Экомәдениетті дамытудың 2029 жылға дейінгі Тұжырымдамасы бекітілді, өңірлік жоспарлар мақұлданды. Экологиялық бастамалар қоғам тарапынан белсенді қолдауға ие болуда.
2 млрд түп ағаш отырғызылуда. 2021 жылдан бастап 1,145 млрд ағаш егілді. Сондай-ақ Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде - 1,1 млн гектарға сексеуіл отырғызу жоспарланған.
Қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу мақсатында 238 млрд теңгеге 94 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Заманауи полигондар салу, қайта өңдеуді дамыту және қалдықтарды бөлек жинауды енгізу негізгі бағыттар саналады.
Сирек кездесетін жануарларды табиғатқа қайта жіберу жұмыстары жалғасуда. Жолбарыстар, құландар мен Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2025, 18:09 12791
Қазақстан Еуразияның жетекші сауда және логистикалық хабының позициясын алуға ұмтылуда - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы соңғы 30 жылда Қазақстан мен Словенияның өзара құрметке негізделген берік саяси-дипломатиялық байланыс орнатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, кешегі келіссөздер барысында тараптар қос халықтың игілігі үшін экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.
Қазақстан - аймақтағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан ірі елдердің санатында. Былтыр еліміздің экономикалық өсімі 4,8 пайыз деңгейінде болды. Бұл болжанған жаһандық өсімнен 1,5 есе жоғары. Ішкі жалпы өнім көлемі 288 миллиард долларға жетті. Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыра отырып, осы даму көрсеткішін сақтауға ниеттіміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылатынын, оған өзінің стратегиялық тұрғыдан орналасуы мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, Орталық Азия аймағында және Қытайда тұратын 1,5 миллиардтан астам тұтынушыға тікелей шығу мүмкіндігін ұсына алады. Еліміздің аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі былтыр рекордтық көрсеткішке, яғни 514 тонна-шақырымға жетті. Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропа мен Қытай арасындағы құрлықтық алыс-берістің 90 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Біз Орта дәліз және Солтүстік - Оңтүстік секілді халықаралық күре жолдарды белсенді түрде дамытуды қолға алдық. Ақтау және Құрық порттары Каспий теңізіндегі жүк тасымалында маңызды рөл атқарады. Аталған теңіз айлақтарынан жөнелтілетін жүк көлемі былтыр 4,5 миллион тоннаға жетті (2023 жылғы 2,5 миллион тоннамен салыстырғанда 62 пайыз өсім). Бұл - рекордтық нәтиже. Осы орайда көлік байланысын күшейтіп, сауда-саттықты жандандыру үшін Словенияның ең ірі Копер портымен тәжірибе алмасуды және серіктестікті тереңдетуді көздейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы өнеркәсіп және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты екіжақты қарым-қатынастың перспективті бағыты ретінде атады. Президенттің пікірінше, қазақстандық мұнайдың 70 пайызға жуығы Еуропа Одағы елдеріне экспортталады. Барланған табиғи газ қоры 3 триллион текше метрге жетеді. Ал көмір кеніші 34 миллиард тоннаны құрайды, бұл ретте еліміз әлемдік ондыққа кіреді.
Бүгінде Қазақстан ЕО экономикасы үшін аса маңызды 34 сирек кездесетін минералдың 19 түрін өндіреді. Осы сектордың әлеуетін толық пайдалану мақсатында әлемнің жетекші компанияларымен прагматикалық формулаға сай, яғни "шикізат орнына инвестиция мен технология" деген қағидаға сүйене отырып әріптестік құрамыз. Халықаралық ірі компаниялардың көбі Қазақстандағы жасыл энергетикаға инвестиция құяды, олардың арасында Францияның Total, Италияның Eni, Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar және Германия мен Швецияның Svevind Energy Group компаниялары бар. Словенияның Iskra, Gorenje сияқты озық компаниялары біздің нарықта табысты жұмыс істеп келеді", - деді Президент.
Мемлекет басшысы еліміз ауыл шаруашылығына баса назар аударатынын, бұл сала жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Бүгінде отандық ауылшаруашылық өнімдері әлемнің 70-тен астам еліне экспортталады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялы сектор ретінде қайта құру жоспары жөнінде баяндап, словен серіктестерін бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.
Президенттің пікірінше, словениялық Krka, Lek секілді алдыңғы қатарлы компаниялармен фармацевтика саласындағы ықпалдастық еліміздің ішкі өндірісін ұлғайтып, технологиялық әлеуетін кеңейтуге септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Словенияның қарқынды дамып келе жатқан инновациялық IT cекторын ғылыми зерттеулер, стартаптар және технологиялық білім беру бағытында ынтымақтастық орнатуға үндеді.
Қазақстан Президенті қаржы қызметі мен инвестициялар саласындағы байланыстарға айрықша мән берді. Ол Словенияның іскерлік топ өкілдерін Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуетін зерделеп, аталған экожүйеге қосылуды ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2025, 13:13 20391
Қазақстанда ірі су қоймаларынан су жіберу жалғасуда
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
1 сәуір күнгі жағдай келесідей:
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 88,4 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 6,5 текше метр су жіберілуде.
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 2 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 70%-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 510 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 500 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 750 текше метр су жіберілуде.
Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 31 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 38 текше метр, Дөңгелек су қоймасынан секундына 9 текше метр және Пятимар су қоймасынан секундына 1 текше метрден су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2,5 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 47,5 текше метр су жіберілуде.
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде. Қазір екі нысан да белсенді су жинауда, орта есеппен 70%-ға толды.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 450,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 699 текше метр су жіберілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2025, 12:10 20606
Тоқаев Словения президентін Астанадағы АХҚО қызметімен таныстырды
Қазақстан мен Словения президенттері Астана халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.
Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді. АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұровтың айтуынша, бүгінгі таңда Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі 14,4 миллиард долларға жетті. Оның ішінде 7,1 миллиард доллар - Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар, ал 7,3 миллиард доллар - АХҚО қатысушыларының инвестициялары. Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.
Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі - АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) ерекшеліктері таныстырылды.
АХҚО-ға Словенияның ресми делегация мүшелерімен қатар осы елдің жетекші компанияларының басшылары да барды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2025, 10:45 20836
Жеңістің 80 жылдығы: Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады
Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Алматыда жауынгерлік техникалардың ашық аспан астындағы жаңа мұражайы ашылады. Армия үйінің аумағында орналасатын мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов гарнизонға сапары барысында жаңа мұражайдың құрылысын тексерді. Қорғаныс ведомствосының басшысы Парламент депутаттарымен бірге алаңды, қару-жарақ пен жауынгерлік машиналардың құрамын қарап, техниканы бояу сапасын бағалап, жауапты тұлғаларға нұсқаулар берді.
Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова басқаратын Ұлттық әскери-патриоттық орталық пен Жауынгерлік даңқ мұражайының филиалы орналасқан Армия үйінде де қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың концерттік және мәрмәр залдары, сондай-ақ Жауынгерлік даңқ мұражайы күрделі жөндеуден өтуде. Онда офицерлер клубы мен балаларға арналған әскери-патриоттық фильмдер түсіретін кинопавильон ашылады.
Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Бұл - тарихи сәулет ескерткіші. Сондықтан біз оның бастапқы келбетін қаламыз бен еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі ретінде сақтауға міндеттіміз", - деп атап өтті Руслан Жақсылықов.
Ғимаратты қайта қалпына келтірудегі басты ерекшеліктердің бірі ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайын ашу болмақ. Мұражай экспозициясын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақтың 30-ға жуық үлгісі құрайды. Ең құнды экспонаттардың қатарында 1931 жылғы 152 мм гаубица бар.
Жауынгерлік техника мұражайының Армия үйі үшін маңызы зор болмақ. Ол Қалдаяқов көшесінің оң жағында орналасады. Ал сол жағында әкімдік күшімен алматылықтар мен қала қонақтарының демалуына арналған гүлзар салынатын болады. Біз бұл нысандардың барлығы Жеңістің 80 жылдығына орай ашылатынын мақтан тұтамыз", - деді Алуа Байқадамова.
Сонымен қатар Қалдаяқов көшесінде жастардың патриоттық тәрбиесіндегі заманауи тәсілдерді бейнелейтін жаңа барельеф орнатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2025, 09:34 21241
Қазақстанда 70-тен астам микроқаржы ұйымдары лицензиясынан айырылды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, оның ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (МҚЖҰ) реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Бақылау нәтижелері бойынша және заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда Агенттік қадағалаудағы субъектілерге қатысты тиісті шаралар мен санкцияларды қолданады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Агенттік МҚЖҰ-ға 26 жоспарлы (тәуекел дәрежесін бағалау негізінде), 12 жоспардан тыс және 595 құжаттамалық тексеру жүргізді. Нәтижесінде жазбаша ұйғарым нысанында 97 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, 36 ескерту жасалды, жалпы сомасы 228 млн теңгеге 687 айыппұл салынды.
71 субъектінің микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатылды, оның ішінде 49 субъект ерікті негізде, 22 субъект мәжбүрлеп лицензиядан айырылды. 32 субъектінің лицензиясы 4 айға дейін тоқтатылды.
Сонымен қатар, бақылау және қадағалау барысында МҚЖҰ қызметінде заңнамада көзделмеген не олардың құқық қабілеттілігінен тыс операцияларды жүзеге асыру белгілері анықталған кезде Агенттік әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғай отырып, құзыреті шегінде бұзушыларға қатысты шаралар мен санкциялар қабылдайды. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде тиісті ақпарат қылмыстық қудалау органдарына мәселені одан әрі қарау үшін жіберіледі.
2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша микроқаржыландыру нарығында 910 субъект жұмыс істейді, оның ішінде 481 ломбард, 213 микроқаржы ұйымы, 216 кредиттік серіктестік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2025, 17:52 32711
БҚО 4,7 мың гектардан астам қоғамдық жайылымдар мемлекеттік меншікке қайтарылды
Батыс Қазақстан облысында жер пайдалану саласындағы әділеттілік қалпына келтірілді. Батыс Қазақстан облысының ҚР АШМ ЖРБК жер ресурстарын басқару департаментінің жүргізген тексерісі нәтижесінде заңсыз берілген 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тексеру барысында Казталов ауданы әкімі аппараты мен аудандық жер қатынастары бөлімінің бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Сегіз ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормалары сақталмай, жер учаскелері заңсыз берілген. Бұл алқаптар - халықтың ортақ пайдалануға арналған шөп шабындықтары мен жайылымдары. Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағына және "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес, мұндай жерлер жеке меншікке немесе жекеше жер пайдалану құқығына берілмейді, тек қана халықтың қажеттілігі үшін пайдаланылуы тиіс.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша басқармамен бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, орындалды. Жерді мемлекет меншігіне қайтару қоғамдық жайылымдардың мәртебесін қалпына келтірді және жергілікті тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін өмірлік маңызды жерлерге қолжетімділікті қамтамасыз етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2025, 12:57 38086
Активтерді қайтару: Павлодар облысы ауылдарында медициналық нысандар салуға 228 млн теңге бөлінді
Активтерді қайтару: Павлодар облысы ауылдарында медициналық нысандар салуға 228 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елімізге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Павлодар облысында медициналық нысандар салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Қаражат Екібастұз, Ақсу қалалары ауылдық округіндегі, сондай-ақ Ертіс, Железин, Тереңкөл ауданындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Екібастұз ауылдық округінің Бәйет ауылында 1983 жылы пайдалануға берілген жалғыз ФАП орнына фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда. Ескі ғимарат жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бүгінде елді мекенде 822 адам тұрады.
Ертіс ауданында дәрігерлік амбулатория ашылады. Нысан санитарлық талаптар мен нормаларға сай жабдықталады. Аудандағы медициналық пункт мыңнан астам тұрғанға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы денсаулық сақтау нысандарының шалғай орналасуына байланысты Мыңкөл, Ивановка және Құркөл ауылдары да жаңа медициналық нысандар салуды қажет ететін елді мекендер тізіміне енгізілген. Оларға ең жақын аудандық емхана 18 шақырымнан 115 шақырымға дейінгі қашықта орналасқан. Ауылдарда тұрғылықты жері бойынша медициналық қызмет көрсететін жаңа медициналық пункттер салынады.
Павлодар облысының елді мекендерінде 168 мыңнан астам тұрғын бар. Жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жұмыс істеп тұрған ұйымдарға түсетін жүктемені азайтып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.03.2025, 16:34Қазақстанда электр станцияларындағы жабдықтардың тозуы 56% жетеді 27.03.2025, 16:32 86986ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты28.03.2025, 19:49 84581Банкроттықтың қазақстандық моделі халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды27.03.2025, 13:22 81136Су тасқынының мониторингі: министрлік су қоймаларынан су жіберуді жалғастыруда27.03.2025, 10:03 78601Қазақстанда қанша шетелдік еңбек қызметін жүзеге асырады
07.03.2025, 16:20 138656Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 135261Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 133621Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді20.03.2025, 17:49 121311Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 18:41 120906ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов "Үміт" балаларды қолдау орталығына барып қайтты