31.08.2022, 16:15 12006

Түркістан облысының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды

Ол соңғы жылдары ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
Түркістан облысының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды
Сурет: wikimedia
НҰР-СҰЛТАН. 31 ТАМЫЗ - Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған. 
 
С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. 
 
Мамандығы - экономист-менеджер, заңгер.
 
Еңбек жолында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. Шымкент қаласынан Сенат дерпутаты болып сайланған. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. "Құрмет" орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
 
Бұған дейін Тоқаев Өмірзақ Шөкеевтің отставкасын қабылдағаны туралы хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны