14.09.2022, 18:26 19221

Қазақстан мен ҚХР Сүмбе өзенінде су тарту құрылысын бірлесіп басқару жөнінде келісімге қол қойды

Құжат Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сумбе трансшекаралық өзеніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен су тарту құрылысын бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Аталған құжатқа қол қою Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға және Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына су жинауды жақсартуға мүмкіндік береді", - делінген Экология министрлігінің баспасөз хабарламасында.

 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Келісімге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны