Қазақстан ТМД елдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы келісімге қол қояды
Аталған Келісім ТМД қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күш-жігері мен ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға бағытталған.
АСТАНА. 19 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен келісімге қол қоюға дайындалуда. Аталған Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күш-жігері мен ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
Осы халықаралық құжатқа қол қою Қазақстан Республикасының стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттарының басым бағыттарына сәйкес келеді, делінген "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қою туралы" ҚР Президенті жарлығының жобасында.
Тараптар ынтымақтастығының негізгі міндеттері:
а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүзеге асыру бойынша келісілген саясатты, бірлескен бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық базасын жетілдіру және Тараптардың заңнамасын үндестіру;
в) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санының одан әрі өсу қатерін еңсеру үшін күш-жігерді біріктіру;
г) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
д) Тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық беделін нығайту;
е) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту саласындағы өзара іс-қимыл болып табылады.
Тараптардың ынтымақтастығы мынадай негізгі бағыттар мен нысандарды:
а) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәрдем көрсетуді;
б) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында үйлестірілген және/немесе келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шараларды және арнайы операцияларды жүргізуді;
в) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
г) сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздестіру және қайтару саласында ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
д) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысатын жеке тұлғалар мен ұйымдарды құқықтық қорғауды және қолдауды қамтамасыз етуді;
е) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жедел-ақпараттық және ақпараттық-талдамалық алмасуды;
ж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелерді құру мен пайдалануды;
з) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегияларын, бағдарламалар мен жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды;
и) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық реттеу тәжірибесімен алмасуды;
к) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасуды;
л) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды;
м) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
н) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді;
о) сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шаралар мен зерттеулер жүргізуді қамтиды.
Келісімнің толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.