27.09.2022, 16:38 23361

Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, Түркиямен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту үшін күш-жігер жұмсайды - Тоқаев

Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, Түркиямен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту үшін күш-жігер жұмсайды - Тоқаев
Сурет: Ақорда
ШЫМКЕНТ. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Ресеймен одақтастық қарым-қатынасты, Қытаймен мәңгілік стратегиялық серіктестікті, АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан секілді бауырлас Орталық Азия мемлекеттерімен және Түркиямен жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Азияда, Таяу Шығыс немесе Еуропа құрлығында болсын, әлемнің барлық мүдделі мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығымен кездесуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Біздің халықаралық аренадағы қызметіміздің басты мақсаты – Қазақстанның және халқымыздың мүддесі. Халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының үстемдігі үшін күресеміз. Біз халықаралық қатынастарда әділеттілік, ішкі істерге араласпау, мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын нығайтуды аса маңызды деп санаймыз", - деп атап өтті Тоқаев.

 
Оның айтуынша, біздің сыртқы саясатымыз бұрынғыдай теңгерімді, көпбағытты және конструктивті болады. 
 

Қазақстан Ресеймен одақтастық қарым-қатынасты, Қытаймен мәңгілік стратегиялық серіктестікті, АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан секілді бауырлас Орталық Азия мемлекеттерімен және Түркиямен жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Азияда, Таяу Шығыс немесе Еуропа құрлығында болсын, әлемнің барлық мүдделі мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайды. Мұндай сыртқы саясат халқымыздың мүддесіне сай келетініне сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

 
Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады:
 
  • "Шымкент келбеті" – "Панорама Шымкента" газеттерінің бас редакторы Бақтияр Тайжанов "Парасат" орденімен;
  • "Ә. Марғұлан атындағы археология институты" РМК бас директоры Бауыржан Байтанаев "Құрмет" орденімен;
  • №2 қалалық аурухананың дәрігері Есенгелді Бегешев "Құрмет" орденімен;
  • Спортшы Ксения Ханға "Ерен еңбегі үшін" медалімен;
  • "№ 89 IT мектеп-лицейінің" тәрбиешісі Әсем Үсеноваға "Шапағат" медалімен. 
 
Бұған дейін Мемлекет басшысының жұмыс сапарымен Шымкентке келгені хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны