05.10.2022, 15:22 12476

ҚР СІМ Мария Захарованың мәлімдемесіне түсініктеме берді

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Захарованың мәлімдемелерінің реңі Қазақстан мен Ресей арасындағы тең құқылы стратегиялық серіктесік қатынастардың сипатына сәйкес келмейді, деді Айбек Смадияров.
ҚР СІМ Мария Захарованың мәлімдемесіне түсініктеме берді
АСТАНА. 5 ҚАЗАН - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік әріптесі Мария Захарованың Мәскеу Украина елшісі Петр Врублевскийді Қазақстаннан шығарып жіберетініне үміт артатыны туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.
 
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Захарованың Украина елшісін Қазақстаннан шығару жөнінде айтқан пікіріне Айбек Смадияров оның мәлімдемелерінің реңі, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің пікірінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы тең құқылы стратегиялық серіктесік қатынастардың сипатына сәйкес келмейтінін атап өтті.
 

Врублевский мырзаның арандатушылық мінез-құлқына қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ұстамды ұстанымы украиналық тарапқа да, халыққа да жеткізілгенін білесіздер", – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

 
Сондай-ақ, Айбек Смадияровтың айтуынша, украин тарапы Петр Врублевскийдің қазақстандықтардың, әсіресе этникалық орыстардың намысына тиетін мәлімдемелері қабылданбайтындығы ескертілді.
 

Бұл мәселе бойынша бізде украиналық тараппен толық түсіністік бар екенін атап өткім келеді", – деді ол.

 
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі украин тарапының мұны түсіністікпен қабылдағанын және оны еліне қайтару туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.
 

Қазіргі уақытта Украина Сыртқы істер министрлігінен Астанаға жаңа елші тағайындау туралы өтініш келіп түсті", - деді Айбек Смадияров.

 
Ол сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе бойынша украиналық тараппен толық өзара түсіністікке келгенін атап өтті.

Кейінірек қазақстандық СІМ Украинадан ҚР-дағы жаңа елшісін тағайындау туралы өтініш түскенін хабарлады. Сондай-ақ, бүгін, 5 қазанда Ресей елшісі Алексей Бородавкин Мария Захарованың мәлімдемесіне байланысты министрлікке шақырылатыны белгілі болды.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны