14.11.2022, 14:20 12096

Қазақстанда тыйым салынған құралдармен балық аулағаны үшін айыппұлды 2,5 есе ұлғайтуы мүмкін

Қазақстанда тыйым салынған құралдармен балық аулағаны үшін айыппұлды 2,5 есе ұлғайтуы мүмкін
Астана. 14 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев балық шаруашылығындағы проблемаларды атады.
 
Оның айтуынша, заңсыз балық аулау фактілері жиі кездесіп жатады. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қадамдар жасалуы керек. Осы орайда браконьерлермен күресу үшін қаражат жеткіліксіз бөлін жатыр.
 

Браконьерлікті төмендету мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің әзірленіп жатқан жобасы аясында жауапкершілікті күшейтуді ұсынамыз (ҚР Парламентінің Мәжілісіне 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын енгізілмек). Бұл тұрғыда балықты тыйым салынған құралдармен аулағыны үшін айыппұлды 20-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту және 1 жыл ішінде қайталап заң бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу ескеріліп отыр", - деді Серікқали Брекешев.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны