14.11.2022, 14:28 12356

Тоқаев Ыстамбұлда адамдардың қаза болуына байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Астана. 14 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

 
Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
 
Жексенбі, 13 қарашада Ыстамбұлдың туристік орталығында жарылыс болып, алты адам қаза тапты, ондаған адам зардап шекті. Күдікті ұсталды. Түрік ІІМ ақпараты бойынша, бастапқы деректер жарылыстың артында Күрдістанның жұмысшы партиясы (КЖП) және күрдтердің "Халықтық қорғаныс жасақтары" (ХҚЖ) тұрғанын көрсетеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны