15.12.2022, 12:11 23251

Қазақстанда алқабилер азаптау, рейдерлік, дене мүшелерін заңсыз алып қою туралы істерді қарайтын болады

Қазақстанда алқабилер азаптау, рейдерлік, дене мүшелерін заңсыз алып қою туралы істерді қарайтын болады
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилердің құзырында 45 құқық бұзушылық, соның ішінде азаптау, рейдерлік істер, адамның тіндері мен мүшелерін алуға мәжбүрлеу істері болады
 
Астана. 15 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Палата отырысында сенаторлар "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң қабылдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
 
Құжатқа енгізілген жаңа нормалар соттарға деген сенімді арттыруды және азаматтық қоғамның сот ісін жүргізу рәсіміне қатысуын жандандыруды көздейді.
 
Жалпы, бұл заңның негізгі мақсаты - қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру. Сол арқылы қоғамның құқықтық мәдениетінің өсуі және сот төрелігінің нәтижелеріне азаматтардың қанағаттану деңгейінің артуы қамтамасыз етілмек.
 
Қазіргі таңда Қазақстанда соттар алқабилердің қатысуымен тек аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарайды. Заңда алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жататын қылмыстық істер санатын ауыр және ауырлығы орташа қылмыстардың тағы 13 құрамымен кеңейтуге қатысты нормалар бар.
 
Осы заң бойынша пікір білдірген Мәулен Әшімбаев бұл бағыттағы жаңа нормалар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мақсатымен қабылданғанын айтты.
 

Қабылданған заң алқабилер сотын одан әрі дамытуды және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің санаттарын кеңейтуді көздейді. Бұл - қоғамның сұранысына сай келетін әділетті құқық қорғау жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Алдағы уақытта алқабилер соты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сотта қорғалуына қосымша кепілдік береді деп сенеміз", - деді Сенат Төрағасы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны