05.01.2023, 11:26 32696

Руслан Желдібай ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Руслан Желдібай ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды

Астана. 5 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.

2012-2018 жж. - "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жж. - ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.

2019-2020 жж. - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны