23.02.2023, 12:19 13726

Тоқаев Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсарту шараларын күшейтуді тапсырды

Тоқаев Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсарту шараларын күшейтуді тапсырды
Қалада жасыл желегі мол аумақтардың ауданын ұлғайту, соның ішінде өзен арналары мен каналдар бойын көгалдандыру жоспарланып отыр

Алматы. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев нақты табыстың артуын қамтамасыз етуге және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Ақордада хабарланғандай, биыл қаңтар айында қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы инвестициялық және іскерлік белсенділіктің өсуі есебінен 136,7 пайызға дейін артты. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 21,9 пайызға ұлғайды. Экономиканың даму қарқынын сауда, көлік және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы өсім қамтамасыз етті.

Мемлекет басшысына қала ішінде "жасыл дәліздер" жасау үшін Дүниежүзілік банкпен бірлесе әзірленіп жатқан іс-әрекет жоспары бойынша аралық есеп берілді. Бұл бастама аясында жасыл желегі мол аумақтардың ауданын ұлғайту, соның ішінде өзен арналары мен каналдар бойын көгалдандыру жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, Президентке Алматының Индустриялық аймағында автомобиль кластерін құру барысы баяндалды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ластанған ауа мәселесі қала тұрғындары үшін ең маңыздыларының бірі санатына енгенін және дереу шешуді талап ететінін айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны