07.03.2023, 10:26 23051

Президент БҚДА құрылымы мен функцияларын өзгертті

Жарлық қол қойылған күннен – 1 наурыздан бастап күшіне енді
Президент БҚДА құрылымы мен функцияларын өзгертті
Астана. 7 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
 
Президенттің Жарлығымен БҚДА функциялары мыналармен толықтырылды:
 
  • бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;

  • Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарламаларды, ақпарат беру туралы сұрау салуларды жіберу, консультациялар жүргізу, тергеп-тексерулер туралы хабарлау жолымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

  • Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін Қордың және Қор ұйымдарының сатып алуды жүзеге асыру тәртібін келісу;

  • азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін келісу;

  • тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін келісу;

  • Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге келісім беру;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;

  • өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдау және анықтау.
 

Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымында: "Қаржы нарықтары және өзге де салалар департаменті" деген жолдағы "және өзге де салалар" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Әлеуметтік сала департаменті"; "Экономикалық интеграция басқармасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Халықаралық ынтымақтастық басқармасы"; "Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы" деген жолдағы "басқармасы" деген сөз "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын; "Индустрия және мемлекеттік қолдау департаменті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті", - делінген Жарлықта.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны