07.03.2023, 13:25 27126

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға Қазақстанда 70-тен астам мектеп салынады

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға Қазақстанда 70-тен астам мектеп салынады
Жуырда мектеп құрылысына қаржы бөлінеді

Астана. 7 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін журналистерге жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген қаржыға Қазақстанда қанша мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
 

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға биыл елімізде 70-тен астам мектеп салынады. Бізде мектеп құжаттары мен тізімі бар. Жуырда мектеп құрылысына қаржы бөлінеді. Мектептер еліміздің барлық өңірінде салынады", - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

 
Министрдің нақтылауынша, жемқорлықтан жиналған қаржы жаңа мектептермен қатар құрылысы басталған мектептерге де жұмсалады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, жемқорлардан тәркіленген 120 миллиард теңгеге жуық қаржы арнайы есепшотта тұр.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны