10.03.2023, 10:13 28246

Ресей Байқоңырдағы мүліктің бір бөлігін Қазақстанға берді

Ресей Байқоңырдағы мүліктің бір бөлігін Қазақстанға берді
Сурет: vk.com Байқоңыр қаласының әкімшілігі
Берілетін мүліктің ішінде - "Экран-М" ғарыш аппараты, объектілерді сынау жүйесі және т.б.

Байқоңыр. 10 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметтің 2023 жылғы 3 наурыздағы "Мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы" қаулысына қол қойды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
 

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлік Ресей Федерациясының федералдық меншігінен республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын", - делінген құжатта.

 
Қосымшаға сәйкес, Қазақстан меншігіне келесі мүлік беріледі:
 
  • 1991 жылы шыққан 11Ф647М "Экран-М" ғарыш аппараты (зауыттық нөмірі 79432117), оның құрамдас және жинақтаушы бөліктері;

  • 1993 жылы шыққан 11Ф639.М0000-0-01 құрастыру-қорғау блогы (зауыттық нөмірі 53781711), оның жинақтаушы элементтері және қосалқы құрал-саймандары мен құрылғылары;

  • 1991 жылы шыққан 11Н6110 объектілерді сынау жүйесі;

  • 1986 жылы шыққан 8Г012М1 жүйесі;

  • 1986 жылы шыққан 8Г013Э1 жүйесі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны