02.09.2021, 19:13 12346

Ақмола облысы аудандарының бірінде жаңа балабақша ашылды

КӨКШЕТАУ. 2 ҚЫРКҮЙЕК - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Аршалы ауданының Волгодоновка ауылында жаңа "Ертөстік" балабақшасы өз есігін ашты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен атап өткендей, мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жөнделіп, 70 орынға есептелген.
 

Балабақша барлық заманауи және нормативтік талаптарға сай. Тәрбиеленушілер үшін жайлы тұру жағдайлары жасалған: жайлы жатын және топтық бөлмелер, балалар жиһазының қызықты конструкциялары, әртүрлі ойын, дидактикалық материалдар. Қабылдау бөлмесінде ыңғайлы киім кабиналары орнатылған. Балабақшаның ашылуы Волгодоновка ауылында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізуге мүмкіндік берді", - деп хабарлады әкімдікте.

 
Ауыл тұрғындары мектепке дейінгі ұйымның ашылуы туралы жаңалықты ықыласпен қабылдады.
 

Біз өте қуаныштымыз. Балабақшада біздің балаларымызға қажет нәрсенің бәрі бар. Аудан басшылығына және меценаттарға осындай сыйлық үшін алғысымды білдіремін", - деді жергілікті тұрғын Жұмағыз Алинева.

 
Бұл кішкентай аршалықтарға есігін ашқан жалғыз мекеме емес. Жақында ауданда Қостомар және Жібек жолы ауылдарында балабақшалар ашылды.
 
Бүгінгі күні облыста 598 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 250 балабақша мен 348 шағын орталық жұмыс істейді. Осы жылдың басынан бастап 236 орындық 5 мектепке дейінгі ұйым ашылды және 131 орынға 5 мектепке дейінгі ұйым кеңейтілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны